Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жағдайда ашылған екінші халықаралық «Астана» экшн-фильмдер фестиваліне Қазақстан, Америка мен Ресейдің белгілі киножұлдыздары қатысуда. Фестиваль шілденің 5-іне дейін жалғасады.
«Астана» экшн-фильмдер фестивалінің қалай дүниеге келгенін осы идеяның авторы Тимур Бекмамбетов: «Авторлық және детективті жанрда түсірілген фильмдерге арналған фестивальдер көптеп қолға алынса, экшн-фильмдерге мұндай ауқымды бірде-бір шара арналмаған екен. Неге осыны Қазақстанда жүзеге асырмасқа деген идея туды да, сол ұсынысымызды Астана әкімдігіне жеткіздік. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке рахмет, сөзімізді жерге тастамай, мұны ойдағыдай жүзеге асыруымызға мүмкіндік туғызды.
Екінші кинофестиваль барысында жұртшылық белгілі режиссерлердің 20-ға тарта тамаша кинотуындыларын тамашалап, АҚШ, Еуропа, Азия мен ТМД елдері режиссерлерінің өнеріне қанығатын болады. Түрлі елдердің кинематографистері қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптарының өнердегі балауса қанаттарға көл-көсір пайдасы тиеді деген сенімдеміз», деп баяндады.
Мұхит асып келген америкалық қонақтар мен Ресейлік өнер тарландарын, қазақстандық театр және кино өнерінің шеберлерін Бейбітшілік және келісім сарайы кіреберісіне төселген қызыл кілеммен құрметтеп жұрт төрге оздырды. Көз алдарынан өтіп бара жатқан Майкл Мэдсен, Арманд Ассанте сынды майталмандардан қолтаңба алып, суретке түсудің ретін тауып қалған жанкүйерлер қуанышында шек жоқ. Бір тұста ресейлік режиссер, жерлесіміз Наталья Орынбасарованың баласы Егор Кончаловский жастардың көңілін қалдырмай қолтаңба беріп жатса, қапталдаса өткен белгілі тележүргізуші Екатерина Стриженова жұртшылық бейіліне риясыз көңілмен қол бұлғап бара жатты. Дмитрий Нагиев, Гоша Гуценко, кәсіпқой боксшы Николай Валуев жан-жақтан қаумалаған жастар тобының ішіне еніп кеткен. Голливудтың белгілі актері Стивен Сигал кілемге аяқ басысымен халық Американың атақты өнерпазына ерекше көңілмен құрмет көрсеткен. Бәрін айт та, бірін айт, фестиваль қазақ ұлттық кино өнеріне үлкен жол ашып, әлемдік деңгейге көтерілуге мүмкіндік туғызбаса, осынша у-дудың бәрі бос. Сондықтан экшн-фильмдер фестивалінің басты мақсаты да түптеп келгенде осыған саяды. Отандық киноөнерін өркендету, дамыту, айтулы тұлғаларды Қазақстанға тарту арқылы қазақ киносының мәртебесін көтеру болып табылады. Сол себепті де мерекелік кілемнен Асанәлі Әшімов бастаған Фархад Әбдірайымов, Әмір Қарақұлов, Бақтияр Қожа, Дәулет Әбдіғапаров, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды қазақ киносының белгілі өкілдері өткенде көрсеткен жұрттың ықыласы алабөтен. Соңғы жылдары кино өнерінің бойына ептеп қан жүгіре бастағаны сезіледі. Осынау табысқа елімізде өтетін кинофестивальдердің тигізген ықпалы аз емес екенін байқадық.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:28
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды
Футбол • Бүгін, 20:58
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды
Оқиға • Бүгін, 20:35
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Оқиға • Бүгін, 19:45
119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Бүгін, 18:57
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34