05 Шілде, 2011

«Нұрсұлтан-2011» альпиниадасы – саламатты өмірдің насихатшысы

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті, Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласының альпинизм мен шыңға шығу федерациясы ұйымдастырған «Нұрсұлтан-2011» альпиниадасы 3 шілде күні Алатау баурайында өтті. Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған бұл шара қа­лың бұқараны белсенді дема­лыс түрлеріне шақыру мақсатымен жү­зеге асырылып отыр. Құра­мын­да спортшы тобы бар қала тұрғындарынан жасақталған ын­талы қауым бір мезгілде төрт бағыт бо­йынша шыңға көтеріліп, «Тігінен өрлеу» деп аталатын биікке жүгіру түрінен өткізілген жа­рысқа қатысты. Осы шараға қа­тысқан қалалықтар «Отба­сы­лық топ», «Халықаралық топ», «Ересектер тобы» және «Ардагелер тобы» деп жасы мен бейіміне қа­рай бірнеше топқа бөлінді. 4376 метр биіктікте ор­наласқан Нұр­сұлтан шыңының басына шыққан альпинистер бір кісідей «Астана!» деп бар даусымен жар салды. Іле Алатауының Тұйықсу ау­данында орналасқан бұл шың бұ­рынырақта Комсомол шыңы деп аталып келген еді. 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы шыңның төбе­сіне көтеріліп, зәу­лім биіктен қол бұлғап, көк бай­рағымызды желбіреткен. Содан кейін 1998 жылы елдің ықыласымен осы шыңға еліміз­дің Тұңғыш Президенті Н.На­зарбаевтың құрметіне Нұр­сұлтан есімі берілген-ді. Тау басына шығу сапарына қатысушыларға “Медеу – Шымбұлақ – Медеу” қанатты жолы тегін қызмет көрсетті. 500-ден аса ерікті қала тұрғын­дары қатысқан шараның қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін құтқару қызметінің 300-ге жуық маманы жұмылдырылып, жоғарыдан тікұшақпен ба­қы­лауды қолға алды. Аталған жа­рысқа қатысқандарға «Нұрсұл­тан-2011» альпиниадасына қа­тысушы» деген сертификат берілсе, шыңның басына дейін аптықпай жеткен жеңім­паз­дардың бәрі Ұлттық олимпиада комитетінің диплом­да­ры­мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қанат ЕСКЕНДІР. Алматы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025