05 Шілде, 2011

Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!

784 рет
көрсетілді
33 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қуат­ты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форум-көр­меге қатысты. Форум Астанадағы «Көрме» ор­талығында өтті. Оған еліміздің бар­лық өңірінен 800-ден астам адам келді. Президент алдымен 139 қа­зақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің тауарла­ры ұсынылған «Қазақстандық қам­­ту-2011» атты көрмені аралап кө­ріп, 2011 жылдың бірінші жар­ты­жыл­дығында іске қосылған Қазақ­стан­ның индустрияландыру карта­сының жобасымен танысты және жоба бойынша облыстар әкім­де­рінің есептерін тыңдады. Президентке жалпы құны 114 млрд. теңгені құрайтын Индус­трия­ла­н­ды­ру картасының 75 ин­вестиция­лық нысаны танысты­рылды. Бұл өндірістердің ашы­луы­мен қатар 9 мыңнан астам жұ­мыс орны құры­латын болады. Премьер-Министрдің ор­ын­ба­сары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев көрме туралы Мемлекет бас­шысына қысқаша баяндап бергеннен кейін елі­міз­дің индус­трия­лық нысан­дары та­нысты­ры­лымының теле­кө­пірі өткі­зілді. Мемлекет бас­шысы «онлайн» режимінде бірінші жартыжыл­дық­та іске қосыл­ған кәсіпорындардың өз сала­лары бойынша негізгі жұ­мы­сы­ның басталуымен таны­сып, жаңа өндірістерді іске қос­ты. Олар – Алматы облысындағы «СОНиК Компаниясы» ЖШС про­фильді құбыр шығаратын зау­ытты, Павлодар облысындағы «Қа­зақстан вагон жасау компа­ния­сы» ЖШС жүк вагондары өн­дірісі, Жамбыл облы­сын­дағы Ақ­бақай алтын өндіру фабрикасы, Маңғыстау облысындағы «Қазақ­стан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС теңіз металлкон­струк­циялары өн­дірісі, Қара­ған­ды облысы «Green Technology» ЖШС жылыжай кешені, Қос­та­най облысы «АгромашХолдинг» АҚ-ның «Ssang­Yong» мар­калы автокөліктерін жи­нау өндірісі. Сондай-ақ Елба­сына «Жетіген-Қорғас» темір жо­лы мен «Екі­бастұз» ГРЭС-інің үш­інші энер­гия блогының құрылыс алаң­да­рын­дағы істер де таныс­тырылды. Телекөпір арқылы көрсетілген бұл жаңа жобаларды Мемлекет басшысына Алматы облысын­да­ғы «Sonik» компаниялар тобы­ның бас директоры Валерий Сон, Павлодар облысындағы «Қазақ­стан вагон жасау компания­сы­ның» басшысы Қабыл­бек Тө­лепбергенов, Жамбыл облысын­дағы «Алтын алмаз» АҚ бас­қармасының төрағасы Диар Қа­нашев, Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС атқарушы ди­ректорының орынбасары Ерлан Қасымов, Қарағанды облысын­дағы «Green Tech­no­logy» ЖШС жылыжай кешенінің дирек­торы Александр Забиров, Қостанай өңі­­ріндегі «АгромашХолдинг» АҚ-ның «SsangYong» маркалы авто­көліктерін құ­рас­тырып жатқан «Каспий тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Тен және басқалары айтып берді. Жаңадан іске қосылған ны­сандар жұ­мысымен танысқаннан кейін Елбасы сөз сөйледі. Бүгін біз Қазақстанның ин­дустрия­лық саясатының страте­гиялық маңызы бар алғашқы кезеңін қорытындылап отыр­мыз, деген Елбасы осы жиынға Үкімет мүшелерінің, Парламент депутат­тарының, ұлттық компаниялар мен ғылыми меке­мелердің және жоғары оқу орындарының бас­шыларының, сондай-ақ отандық және шетелдік кәсіпкерлердің қатысып отыр­ған­дықтарын, атқа­рылып жатқан жұмыс­тар­дың тарихи маңызы зор екендігін айта келе, Қазақстанның бәсекеге қа­бі­летті 50 елдің арасына кіру міндеті тұрғандығын, бүгінгі күні осы мақсатқа тағы да бір табан жа­қындай түскендігімізді жеткізді. «Біз көріп отырған көрмеге Қазақ­станда атқарылып жатқан шаралардың бар­лығы қойылып отыр. Оған 139 отан­дық тауар өн­дірісінің өкілдері қатысып отыр­ғанын көрдіңіздер. Сондықтан жыл­дан-жылға «Қазақстанда жа­салған» деген тауарлар шығару­ды арттыру баршамыз­дың міндетіміз. Тәуелсіз, егемен ел бол­дық, енді сырттан келген тауарлармен емес, өз еліміздің өнімдерімен Қазақ­стан­ды таны­туымыз керек. Олар сіздердің, бизнес аза­мат­тарының қолындағы мәселе бо­лып саналады», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы телекөпір барысында Қазақ­станның барлық өңірле­рін­де бағдарла­ма­лардың орындалып жатқанымен таныс­қандығын айт­ты. «Бұрын-соңды жергілікті әкімдіктер, жергілікті бизнес адам­дары осындай ауқымды іспен шұғылданған емес. Қазір баршаға мүмкіншілік берілген, барлық жағдай жасалған, енді тек жұмыс жасау керек. Қаражат көздерін табуға мүмкіншілік берілген. Елдің әл-ауқатының ар­туы­на, жағдайының жақса­руына, баюына барлық жағдай жасалған. Осының барлығы елдің, ха­лық­тың істеп жатқан игі істері, бо­лашаққа деген нақты қадамы», деп тұжырымдады. Елбасының атап көрсет­ке­нін­дей, би­ылғы жарты жылдың өз­інде 75 инно­вациялық жоба іске қосылады, 114 миллиард теңгенің инвестициясы игеріледі, 10 мың­ға таяу жаңа жұмыс орны ашы­лады. Бұл – отбасымен бірге 40 мыңнан астам адам жалақы тау­ып, жағдайын түзетеді деген сөз. «Осының барлығы «Астана­ның өркен­деуі – Қазақстанның өркендеуі» деген ұран­мен салы­нып жатқан жас астана­мыздың мерекесіне – елорда күніне орай барлық өңірлердің үлкен тартуы, үлкен сыйлығы болып сана­ла­ды», деген Елбасы биыл Қазақ­стан­ның Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы атап өтілетіндігін, соған байла­нысты осы жұмыстың бар­лығы жасалып жатқандығын, сол ұлы дүбірлі мерекеге тарту ретінде Қазақстанның әр өңірінде атқарылатын жұмыстардың аз емес екендігін жеткізді. «Біз бүгін еліміздегі индус­триялық-инновациялық бағдарла­маның жақсы серпінмен бастал­ғандығын айтамыз. Мұны мен мемлекет пен тәуелсіздікті құру­мен маңызы бірдей мемлекеттік тапсырма деп есептеймін. Өйт­кені, біз алдағы уақытта тек қана өзіміздің шикізаттық ресурс­та­рымызға сеніп, тыныш отыра беруге тиісті емеспіз. Сіздер әл­емдік рынокта мұнай, газ, металл және басқа да заттардың бағасы өзгерген кезде қандай жағдай болып жатқандығын өздеріңіз де көріп отырсыздар. Біз бұл жағ­дайға тәуелді болып қала ал­маймыз. Қазіргі күні әлем қуат көздерінің жаңа түрлерін іздестіруде және оларды тауып та жатыр. Сондықтан бұл жағдайға біз де дайын отыруымыз керек», деген Елбасы Кеден одағының жұмысы сәтті бас­талғандығын, мұ­нан кейінгі кезекте Бүкіләлем­дік сауда ұйымына кіру міндеті тұрғандығын, бұл жұмысқа қазірден бастап әзірленудің қажеттігін тағы бір еске салып өтті. «Әрине, бұл оңай емес. Өйткені, біз көп артта қалдық. Сон­дықтан бізге оларды қуып жету ғана емес, олардың қатарына тұру міндеті қойылады. 2020 жылға дейін осы міндеттерге сәйкес жаңа көк­жиектер ай­қын­да­лып, біз әлемдік ин­новациялық эконо­ми­ка­ға қосылуы­мыз керек. Үде­мелі индус­три­ялық-иннова­циялық бағ­дарламаны жү­зеге асыра отырып, біз инновацияға, осы мақсат­тағы кәсіп­орындарға арқа тірейтін боламыз», деді. Елбасы атап көрсеткендей, 2010 жы­лы экономикадағы өсімнің 7 пайы­зын осы жылы іске қосылған жаңа кәсіп­орындар қамтамасыз етті. Ал биылғы жылы осы­нау индустриялық дамудың үлесін тағы да 2,6 пайызға арттыра түсу қажет. «Осы мақсатқа ұмтылыс таны­туда отандық эко­но­ми­каны дамытудың бес оң ағымы маңыз­ды болмақ», деген Елбасы осы мәсе­лелерге тоқтала кетті. Біріншіден, бұл – энергиялық тиімділік. Ал оны тек қана жаңа технологиялар бере алады. Егер Қазақстандағы кәсіп­ор­ын әлемдегі әріптестеріне қара­ғанда эл­ектр қуатын көп тұтынатын болса, артта қалған кәсіпорын болып саналады. Демек, электр қуатын үн­емдеу дегеніміз, бұл – тек қана үнемдеу емес. Өйткені, электр қуаты тек жаңа технология іске қосылған кезде дұрыс үнемделеді. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы көрмеде көрсетіл­геніндей электродиодтық лампа­ларды әлі күнге дейін үйімізге толық қоя алмай отырғанымызға қынжылыс та­ныт­ты. Ресейде, соның ішінде Мәскеуде бұ­рынғы электр шамдарын пайдалануға тый­ым салынғандығын, егер қажет болса осындай заң біздің елімізде де қабыл­дануы тиіс екендігін айтып өтті. Екінші ағым – шикізаттық емес сек­тор­дағы өсім. Индустрияландыру үдері­сі­нің қозғаушы күші ретінде мәшине жасау саласы қалыптасып келеді. Бұл сала жаңа мәшинелерді жасайды. Ал ескі құрал-жабдықтар жаңа мәшинелерді жасауға қабілетсіз. Осыған орай елімізде автомобиль құрастыру конвейер­лерінің жұмыс істей бастағандығын тілге тиек еткен Мемлекет басшысы отан­дық жүк вагондарының өндірістік қуаты өсіп отырған­дығын айтып өтті. «Мұның қағидаттық маңызы бар. Егер біз мұны жасай алмай­тын болсақ, шетелден қажетті өнімдерді ішке енгізе алмай­мыз», деді. Химия, фармацевтика, құ­ры­лыс индустриясы салала­рында да жаңа өндірістердің игерілгендігіне тоқталды. Үшінші ағым – агроөнеркәсіптік кешен. Бұл салада көптеген істер атқа­ры­луда. Қой шаруашылығы, астық шаруа­шы­лығы жөнінде өткен жылдарда жемісті жұмыстар жүргізілді. Енді ірі қара мал шаруашылығындағы істер қолға алынбақ. Бүкіл еліміз бойынша 54 бордақылау алаңы ашылды. Олардың қасынан 2 700 фермерлік шаруашылық қалыптасады. Бұ­ларда өндірілген өнім­дер экспортқа шыға­рылады. Бұл – ха­лық үшін берері зор үлкен іс екендігіне тоқталған Елбасы осы істің пайдасына байланысты жуық арада адамдар қала­лардан ауылдарға қарай бара бастауы ғажап емес, деген ойын жеткізді. Өзіне бизнесмендердің келіп, 2000-3000 ша­ғын шаруашылықтарға негізделген бордақылау алаңын салмақ ниеттері бар екендіктерін айтқандықтарынан құлағ­дар етті. Тек Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының өзінде ғана 350 гектар жерге жылыжайлар салынғандығын, бұлар кө­көністер мен жемістерді экспортқа шы­ғарумен айналыса­тындықтарын ай­тып өтті. Төртінші ағым, бұл – шағын және орта бизнес шұғылданып жатқан жаңа жобалар. Осы іске жасалған қолдауға көп­ші­ліктен алғыс айтылып жатқан­дығын айт­қан Елбасы: «Бірақ бұл әлі жеткіліксіз. Біздің міндетіміз – шағын және орта бизнестің Қазақстандағы өнімнің жарты­сынан астамын өндіруі, бұл іс жақсы дамыған жерде эконо­микада тұрақтылық пайда болады. Германия Федеративтік Рес­публикасында барлық өнімдердің 85 пайызы шағын және орта кәсіпорын­дардың үлесінде. Осыған сүйенген Германия әлемде қуаты жағынан үшінші ор­ында тұр. Ол ел дағдарыс кезінде де басқа­ларға қараған­да азырақ зардап шекті. Жаңа менің алдымда сөз сөйлегендер «ақыр аяғын­да мен өз ісіме ие болдым» деп жатты. Міне, бұл мәселедегі ең басты ынта-жігер дегеніміз осының өзі. Өзінің ісі бар азамат елді құрметтейтін, ел тұрақ­тылығы үшін қызмет ететін заңды сый­лайтын, мемлекетті нығайтуға ықпал ететін болады. Өйткені, мемлекет ірге­та­сы­ның берік болуы, елде тұрақты­лықтың бо­луы – олардың өздеріне қажет. Сондықтан да мұны қағидатты түрдегі маңызды саяси тапсырма деп түсінген жөн», деді. Бесінші ағым – еңбек өнімділігі. Ел­басы осы мәселеге қатысты өз сөзінде мұның да өте маңызды екендігін, егер еңбек өнімділігі өссе, халық кірісінің де артатындығын атап көрсетті. 2010 жы­лы өңдеу өнеркәсібі саласындағы бір жұмыс­шы 45 мың доллардың өнімін өндірді. Өсім бір жарым есе болды. Ал бүкіл Қазақстан бойынша алғанда бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 9 мың доллардан ғана айналуда. Бұл жағынан келгенде біздің көрсеткішіміз әлемдегі тө­мен­гі көрсеткіштердің бірі болып қалуда. Осы істің жақсаруына жүзеге асыру үстіндегі индустриялық жобалар жақсы ықпал етіп, жоғарғы өсім көрсеткішін көрсетіп отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы жаңа құрылған өндіріс түрі – элек­тро­воздар шы­ғаруда бір адамға шаққан­дағы еңбек өнім­ділігі 90 мың доллар болғандығын, бұ­ған қосымша құны жо­ғары өнімдер шы­ғару арқылы қол жеткізілетіндігін айтып өтті. «Менің биылғы Жолдауыма сәйкес шағын несиелендіру жүйесін құру қажет. Ауылда жұмыссыздар шағын несие алу арқылы өз кәсібімен шұғылдана алады. Ал бұған ыңғайы келмейтін жұмысы жоқ адамдарды қалаға әкеліп оқытып, жаңа кәсіп түріне бейімдеу арқылы ашылып жатқан индустриялық нысандарға жұмыс­қа орналастыратын боламыз. Осы мақсат­та «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол карта­сы-2020» бағдарламалары, «Даму» қоры, «ҚазАгро» холдингі жұмыс істеуде. Бұлардың мүмкіндігін біздің аза­маттарымыз пайдалануы тиіс», деді. Сонымен қатар, өзінің «Халықтық ІРО» бағдарламасын әзірлеуді ұсынған­ды­ғын, оның тетіктерін жасаумен Үкі­меттің шұғылданып жатқандығын жеткізді. «Бүтіндей алғанда жоғарыдағы бес ағым – бес «жасыл көрсеткіш» секілді. Олар Қазақстан үшін инновациялық даму бағытында жаңа жол ашуы тиіс. Бұдан басқа жол да жоқ. Бүкіл әлем осы жолмен бәсекелестікке түсуде», деген Елбасы егер біз инновациямен, ғылым­мен айналысып, ғылымға негізделген өнімдер шығара ал­ма­сақ, біздің бәсе­келестікке түсіп те жа­рыта алмай­тындығымызды, артта қала­тын­дығы­мыз­ды ескертті. Кезінде Кеңес Одағы батыстық экономикадан 40 пай­ызға артта қалды. Оның басты себебі де осы инновациялық үдерістерге байла­нысты болды. Егер біз үнемі көш соңынан еріп жүре беретін болсақ, Қазақстанды еш­уақытта көтере алмайтындығымызды, сондықтан дамудың инновациялық жо­лы өте маңызды екендігін баса айтты. «Бүгінгі күні іске қосылып жатқан өндірістер жобалық қуатына жеткен кезде біздің экономикамызға, азаматтар­дың әлеуметтік жағдайына өте үлкен ықпал ететін болады. Бұл дегеніміз – 730 миллиард теңгенің инвестициясы, 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны», деді. Индустрияландыру картасы бой­ын­ша 8 триллион теңгенің 470 жобасын жүзеге асыру міндеті қойылған. «Сіздер оның көлемі мен әлеуетін сезіне аласыздар ма? Кезінде біз бұл туралы айтқанды қойып, армандай да алмаған болатынбыз. Ал қа­зір біз мұны істеп отырмыз. Осы ба­ғытта Қазақстандағы секілді көрсетіліп отырған қолдау басқа жерлерде жоқ. Сондықтан бізге қазір сырттан өз бизнес-штаб­тарын әкелу­ші­лер баршылық. Өйткені, бұл – салық жағынан жеңілдік, бизнеске қолайлы жағдай туғызудағы мемлекет қолдауы. Ендеше оны сіздер де пай­да­ла­ны­ңыздар. Біз бұрын-соңды Қазақ­стан тарихында болмаған, қазақстан­дықтар армандай да алмаған аса зор мега жобаны жүзеге асырып жатырмыз», деген Елбасы өндірістің көптеген сала­ларында жақсы бастамалардың барлы­ғын, мәселен, алды­мызға жылына 70 тонна алтын өндіру міндеті қойылған­дығын, мұның өзі Қазақ­станды Ресейден кейін екінші орынға шығара­тын­дығын айтып өтті. Қазақстанда 120 ал­тын кен орнының барлығын, Үкі­метке алтын өндірісі жөнінде бірыңғай зауыт­ты құрып, сапасы жоғары алтын өнді­рісін жолға қою қажеттігін ескертті. Қазақстанда алтын өндіретіндердің бар­лы­ғы өз өнімдерін мемлекет иелігіндегі осы зауытқа тапсыруы тиіс екендігін, осы үшін арнайы заң қабылдау қажеттігін айтты. Бүгінгі қазақстандық жол – ин­дус­триялық-инновациялық дамудың кең арнасы. Мұның мәнісі неде? Осындай сұ­рақ қоя келе Мемлекет басшысы бұл үшін біріншіден, қуатты технологиялық базаны құру қажеттігін, әлемнің қазіргі күні бесінші технологиялық төңкеріс қарсаңында тұрғандығын жеткізді. Осыған байланысты ақыл-ой ин­вес­ти­циясының, ғылыми білім мен жаңа тех­нологиялардың қажеттігін, ол үшін жаңа­шылдар мен инноваторларды іздеу қажет болатындығын атап көрсетті. Иннова­цияның инноваторлар болған жер­де ғана пайда болатындығын айтып, оларды тәр­бие­леп шығару міндетін қойды. «Біз жаңа экономикалық өсім беретін инновацияларды құрамыз және енгіземіз. Бұл жолдан Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Үндістан, Бразилия және басқа да елдер өтті», деді Мемлекет басшысы. Елбасы алдыға қойған тағы бір ма­ңыз­ды мәселе ел тарихында бірінші рет кең ауқымды ғылыми кластердің жаңа түрін әзірлеу. Қазіргі күні елімізде интеллек­ту­алдық мектептер, «Болашақ» бағдарла­ма­сы жұмыс істеуде. Мыңдаған жастарымыз оларда оқып, білім алуда. «Бұл не үшін істелуде?» деп сұрақ қойды Елбасы. «Нақ сол инновациялар үшін істелуде. 20 инте­ллектуалдық мектеп, жаңа халықаралық университет, «Алатау» технопаркі, еліміздегі жетекші жоғары оқу орын­да­ры­ның қаста­рын­дағы ондаған зертханалар – міне, бұлардың барлығы жаңашылдар мен өнертапқыштар жұмыстарын өркенде­туге, іске қабілетті жас ұрпақты тәр­биелеуге, жетілдіруге бағытталған. Ендігі кезекте ғылыми кластер мен өн­дірістің арасында өзара әрекеттестіктің берік тетіктерін құру қажет», деді. Осы ретте кәсіп­кер­лерге, іскерлерге, әсіресе, ENRC, «Қазақ­мыс» секілді іргелі кә­сіпорындарға, мұнайшыларға және бас­қаларға егер олар өз кәсіпорындарында жақсы зертха­на­лар­ды орнатып, өз өн­імдерін жетілдіру ба­ғытында жұмыс істемесе, жаңалықтарды бүкіл әлем бойынша іздестірмесе, олар­дың артта қалуы әбден мүмкін екендігін, өйткені, олардың өнімдеріне деген сұра­ныстың төмендеп, мұның ақыры бан­крот­қа әкелетіндігін ескертті. «Әрбір кәсіпорын ғылыми ізденістермен шұғылдануы тиіс. Әрбір кә­сіпорынға жаңашылдарды тауып, олар­ға қолдау білдіру, креативті ойлай білетін адамдарды іздестіру қажет. Олар сіздердің кәсіп­орын­дарыңызға үлкен пайда әкелетін болады. Бүгін 100 тауар шығарсаңыздар, бір жыл­дан кейін 150, енді тағы бір жылдан кейін 300 тауар шығара алатындай жетістіктерге қол жеткізу қажет. Сонда ғана бұл жа­ңа­шылдық болып табылады. Оның үлкен мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Ғы­лым­ды іске қосу керек. Бұған қажетті адамдар да болуы керек», деді Елбасы. Осыған орай қазіргі замандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан бү­гінгі жастар біздің экономикамыздың бо­лашақ өрге сүйреушілері екендігін еске салды. Қазір солар үшін бәрі жасалуда. Израиль, Сингапур, Финляндия жә­не басқа елдер экономикасының өрлеуі ғы­лымды кооперациялау, креативтілік және өндіріске нақ осындай көзқа­распен тікелей байланысты. Үшіншіден, деп жалғады сөзін Президент, біз ғылыми зерттеулерге бюджеттік салымдарды ұлғайтамыз. 2015 жылға қа­рай олар ІЖӨ-нің 1 пайызын құрайды. Бұл – 2 млрд. АҚШ долла­рынан астам қар­жы деген сөз. Оның үстіне осы қар­жының 60 пайызы зерттеу және тәжірибе-конс­трук­торлық жұ­мыс­тарына бағытта­ла­тын болса, мұны біз ешқашан жасаған жоқ едік. Бүгінде Швеция және Финляндия секілді елдерде ғылымға ел ІЖӨ-сінің 4 пайызы шығындалады. Германия мен Фран­ция ғылыми зерттеулерге шығын­да­рын 3,5 пайызға дейін көтеріп жатыр. 2010 жылы әлемдік бизнес көшбасшы­ла­ры ғылыми жаңалықтар ашу үшін 500 млрд. доллардан астам инвестиция құйды. Ал енді ойланып көріңдер, өз кәсіп­ор­ындарыңда табатындарыңның қаншасын шығындайтындарыңды. Сендер 1 тиын да жұмсамайсыңдар. Міне, мәселе қайда жатыр. Демек, бұл кә­сіпорынның бола­шағы жоқ. Біз лабо­раторияларды не үшін құрамыз? Не үшін ақша шығындаймыз? Не үшін жа­ңалықтар ашуға ұмтыламыз? Егер осы­ның барлығы өндіріске енгізілмейтін болса. Бәрі де Кеңес Одағы­н­дағыдай болады да шығады. Көш соңында қала­сыңдар, есесіне басқалар алға озып кетеді, деді Мемлекет басшысы. Сондықтан, бізге интеллектуалдық мен­шіктің серпінді рыногын қалып­тас­тыру міндетін шешу керек. Қазақстанда жаңашылдар қызметі үшін берік заңна­малық база болуы тиіс. Ол авторлық, аралас және патенттік құқықтарды тиімді қорғайтын болуы қажет. Елба­сының айтуынша, біздің осы саладағы заңнама­ларымыз интеллектуалдық меншікті қор­ғаудың халықаралық жүйе­сінің ажырағы­сыз бөлігі болуы керек. Бірақ біз бұл мәселеге өз деңгейінде қол жеткізе алмай отырмыз. Барлық кесір осыдан. Патенттер мен тауар белгілерін тір­кеудің бюрократтар үшін ешқандай саң­лау қалмайтындай жүйесін жасау қажет. Бұл электронды үкіметтің бір бөлігі болуы тиіс. Біз тек осылай ғана шетел техно­ло­гиялары трансфертінің үзіліссіз арнасын жолға қоя аламыз. Тек осындай жағдайда ғана біздің тұрғындар­ы­мыз­дың инновация­лық белсенділігінің өсуі үшін жағдай жа­салатын болады. Бұл – Пар­ламенттің, Үкі­меттің және бизнес­тің бірлескен міндеті. Бесіншіден, барлық табысты елдерде технологиялық секіріс шағын және орта бизнесті мақсатты қолдаудың арқа­сында мүмкін болды. Сондықтан мен бірінші күннен сіздерді қолдап келемін. Әрине, белгілі бір деңгейде табыстар жоқ емес, бар. Бірақ мен бизнестің әркез «сатып алу-сатумен» айналыс­қанын көріп қынжы­ламын. Бүгін сатып алдым, ертең сата­мын. Шағын ғана өндіріс құр, бұл – жо­ғалмайтын нәрсе. Ал «сатып алу-сату» кез келген уақытта көзден бұл-бұл ұшуы мүмкін. Сон­дық­тан тым болмаса 5, 10, 15 адамдық өнді­ріс құруға ұмтылыңдар. Кө­зін та­бың­дар, міне, дәл осы істе лабораториялар кө­мекке келеді. Біздің әкім­дік­тер, министрліктер адамдарға осындай кә­сіп­­ор­ындар құру үшін жәрдемдесулері тиіс. Бұл қолдау әкім немесе шенеуніктің жекелеген кәсіпкерді таңдау қағидаты бой­ынша қамқорлығына алу негізінде құ­рылмауы тиіс. Көмек тұтастай жүр­гені жөн. Барлық резервтерді белсенді іске қо­су керек. Осылай деген Мемлекет бас­шы­сы бүгінде іс жүзінде кез келген қала­дағы өнеркәсіп аймағында тоқтап тұрған өн­діріс нысандары бар екенін атап көрсетті. Оңтүстік Қазақстан облысына жұ­мыс сапарым барысында, деп жалғады сөзін Президент, мен әкімге тапсырма бердім: «Бұл үлкен химия зауыты ерте кездері салынған болатын. Мұндай өн­діріс ауа райы ыстық оңтүстік өңірде тұрғызылған еді. Оның қазір жұмыс істемейтінінің өзі жақсы. Корпустары бұзылмай сол қалпы тұр, бизнесмендерге бер. Бұл Клондайк қой, оларға қа­бырғаларын тұрғызудың қажеті жоқ. Электр қуаты тартылып, су жүргі­зіл­ген». Енді бүгінде аталған зауыт аума­ғында ондаған кәсіпорын жұмыс істейтінін айтады. Қараңдаршы, мұндайлар өте көп. Барлық жерде корпустар тұр. Коммуникациялары барларын бизнесмендерге беріңіздер. Оларға артық шы­ғын шығармай-ақ жұмыстарын бастауға мүм­кіндік бар. Облыста не тұтыны­ла­тынын айқындап, сол бағытта жұмыс­тарын жол­ға қою үшін көмектесіңіздер. Бізде мұн­дай мүмкіндіктер жеткілікті. Инновациялық экономика дамыған фор­сайт жүйесінсіз – қазіргі мен бола­шақты болжаудың заманауи тетігінсіз мүмкін емес. Экономиканы дамытудың барлық тағдыршешті бағыттары бой­ынша «жол картасын» жасап жүзеге асыру керек. Оларда мемлекет пен қоғамның, инвесторлар мен бизнестің мүдделері орга­никалық тұрғыдан біте қайнасып кетуі тиіс. Егер қуатты зерттеу орталығы құрыл­майтын болса, егер сіздер өздеріңіздің ертеңгі күндеріңізді көрмейтін болса­ңыз­дар, егер сіздердің жақындағы және ал­ыстағы, бүкіл әлемдегі бәсекелестеріңіз қалай жұмыс істейтінін білмейтін болса­ңыздар, онда сіздерде ертеңге иек артар болашақ болмайды. Мемлекет басшысы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаны­нан форсайт қағидаты мен әдісі негізінде жұ­мыс істейтін қуатты зерттеу орта­лығы құ­рылуы қажеттігіне назар ау­дарды. Пре­зи­денттің пікірінше, сондай-ақ Экономи­ка­лық даму жә­не жоспарлау министрлігі жа­нындағы Эко­номикалық зерттеулер инсти­туты қызметін реформалау қажет. Президент жанындағы Қазақстан страте­гиялық зерттеулер инс­титуты, Тұңғыш Президент қоры жанын­дағы Әлемдік эко­номика және саясат институты – барлығы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясымен бірге жұ­мыс істеуі тиіс. Осы құрылымдар жұмы­сында негізгі салмақты болжауға, жаңа «жол карталары» стратегияларын жасауға салу керек. Бізге, мәселен, Басым тауарлардың, жұ­мыстар мен қызмет көрсетулердің бір­тұтас басымды карталары қажет. Бізге бүгінде қандай тауарлар керек? Ертең ше? Кеден одағына қандай тауарлар қажет? Біз не нәрсені жүзеге асыра аламыз? Өзімізге қажеттіні қайдан тау­ып, бұл рынокта қан­дай орынға ие боламыз? Біреу кәсіп­ор­ында осылар туралы ойлауы керек. Әң­гі­ме осы туралы болып отыр, деді Президент. Президенттің атап өтуінше, индус­трия­ландыруды сараптамалық және ғы­лы­ми қамтамасыз етуге үлкен назар ауда­рылуы керек. Одан әрі ел тұр­ғындарын индустрияландыру үдерісте­рі­не жаппай тарту міндеті тұр. Бай­ланыс және ақпарат министрлігіне, біз­дің БАҚ-тарға мен ылғи айтамын – сіздер қараңыздар, бүгін біз жаңа іске қосылып жатқан кәсіп­орын­дар­ды көр­сет­тік. Біздің «Хабар», «Қазақ­стан», «КТК» мұны трансляциялап жатыр ма? Не нәрсені болса да көрсете беріңдер. Тек мемлекеттің индустрияландыру ру­хын, темір жолдар, автомобиль жолда­ры, жаңа кәсіпорындар қалай салынып жат­қанын ғана жария етпеңдер. Міне, адам жаңа жұмыс орнын алды, ол еш жерде жұмыс істемеген еді. Енді отба­сын асырап отыр, жаңа кәсіп иеленді. Осы­ны насихаттау керек, адамдарды алға ұмтылдырып, олар­дың өз қолда­рымен өзінің отбасы ба­қытын құра алатынын, балаларын оқы­тып, шетелде дема­лысын өткізуге мүм­кін­дігі барын жария ету қажет. Ең бас­тысы – осыған ұмтылу керек. Сондықтан мен бүгінгі күннен бастап бұқаралық ақпарат құ­рал­дарын бүкіл ел бойынша индустрия­лық бағ­дарламаларды көрсету­ге ауысу­ды міндеттеймін. Министрліктер БАҚ-тарға адамдарын жіберіп, әкімдіктер облыс­тық телеарналарға бизнесті қалай бастауға болатынын, осы іспен айна­лы­суда көмекке келетіндерін айтатын адам­­дарды бөлулері тиіс. Қысқасы, бізде бизнесті бастау күрделі емес екенін айтып, кредитті қалай алуға болатынын, неден бастау қажеттігін, бизнестің қажетті қан­дай түрлері бар екенін үй­ретіңдер, көрсе­тіңдер, қажет болса тізімін жасаңдар. Әр облыста қандай биз­нестің түрі қажет екендігін білдіретін тізім болуы керек. Облыста не істеуге болады, қандай шикізат, қандай мүм­кін­дік бар деген сияқты. Баршаға осылай жұмыс істеу керек. Осылай деген Мемлекет басшысы Үкі­метке арнайы медиа-жоспар құрып, оны облыстық әкімдіктермен, министрліктермен үйлестіру арқылы істің мәнін адам­дарға түсіндіре бастауды тапсырды. Жұрт­шылық бірінші кезекте тәуелсіз, өсіп-өр­кендеп келе жатқан мемлекет елді индус­трияландырусыз күшейе алмайтынын түсі­нулері керек, деді Президент. Елбасының айтуынша, мұнымен біз алғаш айналысушылар емеспіз. Аға ұрпақ Кеңес Одағындағы алғашқы бесжыл­дық­тар­ды жақсы біледі. Олар сталиндік бес­жыл­дықтар деп аталатын. Бүгінде ол барлық кәсіпорындар мен зау­ыттардың Америкадан әкелінгені анық­талып отыр. Олар аталған елде Ұлы депрессия болған кезде тоқтап қалған кәсіпорындар мен зауыттар екен. Сөй­тіп, Кеңес Одағы бойынша 800 кә­сіпорын көшіріп әкелініпті. Содан соң оларға «КСРО-да жасалған» деген эти­кетка жапсыра салған. Барлық индустрия күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр – металлургия зауыттары және бас­қалары. Ал біз оларды қайдан аламыз? Түкке тұр­майтын өндіріс салғанша, салмаған жақ­сы. Одан да сол жақтан барлық жаңаны алып орнатыңдар да, иық теңестіре қой­ыңдар. Ескіні алған­ның есі кетеді деген сөз бар. Сондықтан бүгінгіні, ең жақсысы – ертеңгі күндікін алыңдар. Медицина орталықтарын салып, ауруханал­ары­мыз­ды, денсаулық сақтау орталықтарын сондай құрал-жабдықтармен жарақтанд­ыр­ған­да біз солай істеудеміз. Бүгін осында мен айтқандай көп адам қатысып отыр, деп жалғады сөзін Президент. Сіздердің барлығыңыз да осы көр­меге қатысудасыздар. Барлық­тарыңызды тыңдадым. Индустриялан­дыру туралы ту­ындаған ойлар осындай оралым алғанына мен шын мәнінде қуаныштымын. Біз ойластырғандай, Қа­зақстан бүкіл әлемге танымал болды, енді Астанада әлемдік оқиғалар өтіп жатыр. Біздің Астанамыз да ойлас­тыр­ғанымыздай болып шықты, енді оны­мен бәріміз мақтанамыз. Барлығына ал­ғашқысын да, соңғысын да жүзеге асы­ру мүмкін еместей көрінген. Қазірде ал­дымызда бұдан да қиын міндеттер тұр. Егер біз алғашқыларды атқара алсақ, соңғыларын неге атқара алмаймыз? Кеңес Одағы құлаған кезде дүкен сө­релері бос қалды, қалаларда жылу, үйлер­де жарық болған жоқ. Мұндай күрделі жағдайлардан қалай шығамыз, не істейміз, зауыттарды қалай жұмыс жасатамыз, 2 миллион жұмыссызды қайда жібереміз деген сандаған сұрақ сананы кескестеді. Мен бүкіл ел бойынша мыңдаған митингтерге барып, күте тұру керектігін, төзім­ділік таныту қажеттігін түсіндірдім. Өте күрделі кездер еді. Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы дағдарыстан енді ес жия ба­стаған шақта 1998 жылғы дағдарыс тап келді. Бұл үш дағдарыстың бәрін де қа­лып­ты өттік. Сіздердің көздеріңіздің ал­дында төтеп бердік. Ал қазір еліміз бұ­рынғыдан да күштірек. Ұлттық валюта­мыз – теңгені айналымға енгізген 1993 жылы бізде теңгені ұстап тұратын 400 миллион доллар болған жоқ. Халық­ара­лық валюта қоры теңгені енгізу үшін сіздерге 450 миллион доллар керек, әйтпесе мүмкін емес деді. Ондай ақша қайдан болсын. Қазір бізде елдің 80 миллиард доллар резерві бар. Қазақстан дегеніңіз, міне, осы, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан, деді сөзінің соңында Ел­басы, барлығымыз күш біріктіріп, ин­дус­трияландыру мен инновациялар жо­лында жұмыс жасайық. Күндіз-түні ой­ла­ныңыз­дар, іздеңіздер, не істесек, қан­дай жаңа өнім шығарсақ өркен­дейміз деп. Мен кәдімгі инновациялар туралы айттым. Бұл Батыста бар, бізде жоқ нәр­се. Абсолютті инновациялар деген де бар, бірақ олар еш жерде жоқ. Сондық­тан абсолютті инно­ва­цияларға ұмтылу керек. Соған жетуді ойластыру қажет. Ақылды адамдар біз­де аз емес. Біз бәріміз бірігіп күшті Қазақ­стан құра аламыз. Біз өз-өзі­мізден озып кеттік. Біз мемлекет, ел­орда және осындай эконо­миканы, ос­ындай танымал Қазақ­стан­ды құрдық. Біз бір нәрсеге шындап кі­ріс­сек, бәрін де атқара аламыз. Сон­дықтан мен «Біз индустриялық Қазақстан құрдық!» деп айтатынымызға сенемін. –––––––––––– «Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы.