Достық стансасының негізгі міндеті – Қытай Халық Республикасы, соның ішінде Үрімші темір жолымен экспорт-импорттық тауар алмасуды іске асыру. Бүгінгі нарық заманында клиенттерге қызмет көрсетумен қатар, тапсырылған тауарды жүк қожайынына дер кезінде аттандырып, сенімінен шығу болып табылады. Достық-Алашаңқай арнасымен тауарлар ТМД және Балтық жағалауы елдері мен алыс-жақын шет елдерге жөнелтілуде.
Осы орайда Достық стансасының басшылығы мен жұмыс аппараты заман талабына сай озық идеялар мен технологияларды пайдалана отырып қызмет атқаруда. 2008 жылы вагон құжаттарын бір орында ресімдейтін зал құрылымдалып, вагондар мен контейнерлердің аттандырылуы едәуір тездетілді. Станса жыл санап ұлғайған сайын жұмыс қарқыны да артып, осындай аталмыш ортақ зал «Д» паркінде орналасқан кіші тапсыру кеңсесінде де пайдалануға берілді. Ол ҚХР-ға аттанатын және келетін вагондар құжаты дер кезінде ресімделуге себепші болып отыр.
Көрші елдің әріптестерімен станса басшылығы жиі басқосулар өткізіп тұрады. Ол басқосуларда вагондардың Үрімші темір жолынан баяу келуін, пойыздар мен локомотивтерді Алашаңқай стансасында ұзақ ұстауы, тағы сол сияқты мәселелерді шешу жолдары талқыланады. ҚХР-дың темір жол жүйесі мен вагондардың құжаттары біздікіне қарағанда мүлде басқаша ресімделеді екен. Алашаңқай стансасына Қытайдың бүкіл провинцияларынан келетін вагондар ТЖ құжатымен ғана Алашаңқайға жетіп, осы жерде экспедиторлар мен брокерлер құжаттарды ресімдеуге кіріседі екен.
Маусым айында Достық пен Алашаңқай стансаларында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүк жұмыстарын үйлестіру басқармасының бастығы Б.Сүлейменов бастаған делегация Үрімші темір жолы басшылығымен жұмыстық кездесу өткізді. Қытай жағынан Үрімші темір жолы халықаралық қызметінен Бай Юн Фэн мырза қатысты.
Осындай үйлестіру кездесулері нәтижесінде Достық стансасында вагондар экспорт-импорттық бағыттарға дер кезінде аттандырылып, тауарлар дер кезінде клиенттердің қоймасына жетуде. Стансада вагондар аз уақытта сұрыпталып, вагон құжаттары қысқа мерзімде ресімделуде. Станса басшылығы мен еңбеккерлері бүгінгі бәсекелестік белең алып тұрған заманда жұмыстарын мейлінше жақсартып, клиенттерге қалтқысыз қызмет етуге ұмтылыс танытуда.
Әйгерім КЕНЖЕБЕКОВА, АҚШ-тағы Дакота университетінің магистранты.

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды
Руханият • Бүгін, 15:37
Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр
Референдум • Бүгін, 15:27
Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?
Қоғам • Бүгін, 15:20
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 15:04
Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 14:47
Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты
Экспорт • Бүгін, 14:42
Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен
Оқиға • Бүгін, 14:33
Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады
Оқиға • Бүгін, 14:14
Қызылорда облысында 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады
Медицина • Бүгін, 13:33
Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды
Қоғам • Бүгін, 13:20
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 13:01
Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:50