08 Шілде, 2011

Салтанат сарайындағы қабылдау

379 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады Президент елорда күніне арнал­ған Салтанат сарайындағы салта­нат­ты қабылдауға қатысты, деп ха­барлады Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті­нің баспасөз қызметі. Өз сөзінде Мемлекет бас­шы­сы бүгін еліміз көлемінде, Қа­зақ­станның барлық өңірі Қазақ­станның елордасы күнін, Астана қаласының мерекесін мерекеліп жатқанын атап өтті. – Бұл – еліміздің түкпір-түкпірінен, шетелден келген достармен кездесіп, осы қалаға инвестиция салатын, осы қалада бизнес жасайтын адамдармен қуа­нышты бөлісетін мереке. Ол­ар­дың барлығы да бүгін осында. Қала, аудан әкімдігі үлкен іс атқарды. Қалалық мәслихат орасан жұмыстар жүргізді. Бүгін мұнда жұртшылық, диплома­тия­лық корпустар өкілдері, біздің шетелдік достарымыз, инвесторлар, осы қалаға қаражатын сал­ған, осы қаланы тұрғызуға атса­лысқандар жиылған. Елорда күні біздің еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтуде. 20 жыл – бұл үлкен мерзім емес, дегенмен, біз үшін, түсінетін адамдар үшін, біз бен сіздер үшін – бұл орасан, сан ғасырға тең келетін жылдар. Біз тәуелсіз мемлекет құр­дық, ол бізде болмап еді, он­ың шекарасын бекіттік, қауіпсіз­дігіне кепілдік алдық, өз Ота­ны­мызды күллі әлемге танымал еттік. Біздің туымыз Біріккен Ұлт­тар Ұйымында, қалаларда, мен болып өткен барлық жерлерде, біздің делегация болған жерлерде әрдайым алдымыздан асқақтап тұрады, – деді өз сөзінде Елбасы. Біз біргеміз. Мен, Президент Аппараты, Үкімет, Парламент де­пу­таттары, қалалық мәслихат, қа­ла әкімдігі, барлық мемлекеттік қызметкерлер, біздің бәріміз ел­ор­дамыздың өркендеуі үшін өте қыруар істер атқардық, деп жал­ғады сөзін Президент. Барша­ңыз­ға көп рахмет, сіздердің барлы­ғыңызға игілік пен денсаулық тілеймін. Бүгінде қаламыз әлемнің көптеген телеарналары көрсетіп жатқандай, өзінің кең даңғы­лы­мен, аллеяларымен, заманауи ғи­мараттарымен ауқымын кеңейте түсуде. Олар танымал бола тү­суде. Өйткені, біз бірегей ғима­рат­тарды тұрғыздық. Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр – осының бәрі зор әсерге бөлейді, көз сүйсінтеді. Біз қала тұрғыздық. Бұған ел ішінде де, сыртта да сенгендер аз болды. Алайда, біз қала салдық. Қазір біз бұдан да орасан міндетті – экономиканың өзге саласын қолға алудамыз. Біз шикізаттық тәуелділіктен кетіп, мүлде жаңа экономиканың негізін қалаймыз, 2020 жылға қарай өз халқы­мыз­дың әл-ауқатын екі есеге артты­рамыз. Бұл – Тәуелсіздікпен па­ра-пар, біздің қаламыздың құры­лысымен пара-пар ұлы мақсат. Елордада бәрі бар – әлемдік дең­гейдегі білім беру орталықтары, әлемдік деңгейдегі денсаулық сақ­тау орталықтары, әлемдік дең­гейдегі спорттық кешендер, үздік мектептер бар, елімізде әлемдегі үздік университеттер салынған. Астана – бұл болашақтың, жас­тар­дың қаласы. Біздің балалары­мыз, немерелеріміз 20 жылдан кейін осында өмір сүріп, осы қалаға тең келетін әлемде жаңа, бірегей қала жоқ деп санайтын болады. Еуропада және әлемде ұқсас қалалар бар, негізінен олар ескірді, ал біз өз архитек­тура­мыз­бен бірегей өз қаламызды тұ­р­ғыздық. Таңданбасқа шара жоқ. Осылай деген Мемлекет бас­шысы биылғы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылында бірегей объек­тілер: Еуропа мен Азияда үздік саналатын тарих мұражайы, ұлт­тық опера ғимараты, медиа-орта­лық, оқушылардың шығар­ма­шы­лық сарайы, Қазақстандағы ең үлкен мешіт салынатынын атап көрсетті. Осы объектілердің бар­лығы біздің елімізді безендіре тү­седі. Елорда үшін қажетті сана­ла­тын өзге де объектілер салына­тын болады. Біз Алматы мен Астана арасында сағатына 250-300 ша­қырымдық жылдамдықты ала­тын жедел жылдамдықтағы пой­ызды пайдалануға бермекпіз. Сон­да Алматы жақындай түседі. Қалада жеңіл рельсті трамвай, метро салынатын болады. Бәрі керемет емес пе. Біз бірлікті нығайтсақ, оған қол жеткіземіз, деді Елбасы. Сіздердің барлығыңызды Ел­орда күнімен құттықтаймын! Астана күллі әлемді сүйсінтуде жә­не жүздеген жылдар бойы сүй­сін­те бермек, деді сөзінің соңын­да Нұрсұлтан Назарбаев. Астана – біздің Тәуелсіздігіміздің тәжі іспетті әсем қала. Астана – Қа­зақ­станның қуатын білдіретін қа­ла. Астана – әлемдік көшбасшы­лар бас қосатын орын. Бұл үм­іттер ақталатын, біздің жас қа­зақстандықтарды бақытқа бөлей­тін қала. Бұл – орасан эпопея. Мен жүз инновация туралы айт­тым, ендеше, Астана – бұл нөмірі бірінші қазақстандық инновация. Одан кейін өзге де инновациялар жүзеге асырылады. Осы мүмкін­дікті пайдалана оты­рып, барша­ңызға, барлық қазақстан­дықтар­ға, барлық шетелдік достарымыз­ға, біз­ді бүгінгі Елорда күнімен, со­ны­мен қатар, менің туған кү­нім­мен құттықтағандардың бар­ша­сына өзімнің шынайы риза­шы­лығымды білдіремін! Менде бар­ша­ңызға үлкен алғысымды ай­туы­ма болатын тамаша мүмкіндік бар. Қалыптасқан дәстүр бойынша Мемлекет басшысы қаланың да­муына айтарлықтай үлес қосқан және үлес қосып келе жатқан­дар­ды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Марапатталғандар ара­­сында белгілі ресейлік бизнесмендер Алишер Усманов пен Василий Анисимов, сондай-ақ қа­зақстандық кәсіпкер Жанна Бек­темірова бар. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминге «Астана қала­сы­ның құр­метті азаматы» атағы берілді.