09 Шілде, 2011

Қос жеңіс

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандының «Шахтері» Еу­ропа лигасының екінші ойы­нында Словенияның «Копер» ко­ман­да­сын 2:1 есебімен ұтып, екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Қарағанды аталған ойынды тағатсыздана күткен еді. Өйт­кені, қалаға мұндай деңгейдегі ойын көптен бері келген жоқ болатын. Жанкүйерлердің күт­кені орындал­ды, «Шахтер» қа­жетті нәтижеге қол жеткізді. Қарағандылықтар осыдан бір апта бұрын өткен сырт алаңдағы кездесуінде 1:1 есебімен тең ой­нап, өздері үшін айтарлықтай жақ­сы мүмкіндік қалдырған еді. Енді, міне, бір доп айырма­шы­лығымен басым түсіп, турнирді жалғастыру құқығына ие болды. Келесі  раундта қараған­ды­лық­­тар «ИБВ» (Исландия) – «Сент-Патрикс» (Ирландия) жұ­бы­ның же­ңім­пазымен бақ сына­сатын болады. Еуропа лигасындағы екінші бір кездесу Павлодарда өтті. Мұн­да жергілікті «Ертіс» Поль­шаның «Ягеллония» коман­дасын қабыл­дады. Бұл матчта да қазақ­стан­дық­тардың жолы бол­ды. Олар қарсы­лас­тарынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы ойында павлодар­лықтар қарсы­лас­тарына 1:0 есебімен жол берген болатын. Сөйтіп, «Ертіс» те Еуропа лига­сының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Енді павлодарлықтар 14 және 21 шілде күндері Грузия­ның Рустави қаласының «Ме­тал­лург» команда­сы­мен екі мәрте кездесетін болады. «Егемен-ақпарат».