12 Шілде, 2011

«Жедел жәрдемге» – шетелдік көліктер

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау жұртшылығы үнемі «Жедел жәрдем» шақыртуларға уақытында келмейді деп реніш білдіретін. 13 бригадасы бола тұра «Жедел жәрдем» неге кешігеді? Ұжым мүшелерінің проблемасымен арнайы танысуға келген облыс әкімі Бергей Рысқалиев осы сауалды көлденеңінен қойды. Әкімнің пікірінше, қала көшелері тегістей асфальтталды. Шақыртуларға 10-15 минөтте жететіндей мүмкіндік бар. Өңір басшысы «Жедел жәрдемге» шетелдік 6 «Toyota» көлігін табыстап, бұдан былай да қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұл көліктердің ерекшелігі сол, осы заманғы медициналық құрылғылармен, әсіресе, жүрек тексеретін аппарат, қан қысымын анықтау, жасанды тыныс алуға, оттегі беруге, жедел система құюға арналған жабдықтармен жабдықталған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.