13 Шілде, 2011

Партияаралық ынтымақтастық

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының мүшелері Серік Оспанов, Майра Айсина және Бауыржан Смаилов Қытай Коммунистік партиясы делегациясымен кездесті. Қытай делегациясын Қытай Коммунистік партиясының тарихты зерттеу орта­лығы хатшылығының бастығы Чжань Шу­цзюнь  бастап келген. Кездесу барысында қазақстандық парламентшілер «Нұр Отан» ХДП фракциясының қызметімен таныс­тырып, партияаралық ынтымақ­тас­тықты ке­ңейту мәселелеріне тоқталды. «Нұр Отан» ХДП  он бір жылдан бері Қытай Ком­мунистік партиясымен пар­тия­аралық байланыс жасап келеді.  Бұл кездесу Қы­тай Коммунистік партиясының 90 жыл­дығына орай өткізіліп отыр. «Егемен-ақпарат».