2011 жылғы 1 маусым Астана қаласы
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437, 439-баптарына сәйкес, «Байерсдорф Акциенгезелльшафт» компаниясының өкілі С.В. Шевыревтың 2011 жылғы 16 мамырдағы № 1605 және «Р энд А Бейли энд Ко.» (R & A Bailey & Co.) компаниясының 2011 жылғы 13 мамырдағы н/ж зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініштерінің негізінде, сондай-ақ Корпорация «Держава» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарын қорғау мерзімінің өтуіне байланысты, бұйырамын:
1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
00071/ТБ-190708 тіркеу нөмірінің 6-бағанындағы «17.05.2011» деген цифрлар «16.05.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
00089/ТБ-080609 тіркеу нөмірінің 6-бағанындағы «21.05.2011» деген цифрлар «28.05.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тіркеу нөмірлері 00100/ТБ-120510, 00101/ТБ-120510 зияткерлiк меншiк объектiлері алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Е.Ф. Әбдірахманов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары М.Б. Мұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға С. БАЙМАҒАНБЕТОВ.