Референдум • Бүгін, 09:45

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Ата заңның жаңа жобасы ұсынылып, оны қабылдау мәселесі 15 наурызда өтетін референдум нәтижесінде белгілі болады. Қоғамда азаматтар заң жобасын қызу талқылап, қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

Еліміздің болашағына бағытталған ауқымды іс-шараға қолдау білдіріп жатқандар арасында танымал тұлғалар да бар. Солардың бірі – шахматтың блиц түрі бойынша әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева. 

Шахматшы ару елімізде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіріп, жаңашылдықтарды қолдайтынын жеткізді.

«Қазақстанды әлемдік ареналарда таныстырып жүрген спортшы ретінде мен еліміздің дамуы мен прогреске сенемін және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағына бағытталған реформаларды қолдаймын», деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады

Айта кетейік, «Әділетті және прогрессивті Қазақ­станның халық­тық Конс­титуциясы үшін» жалпыұлттық коа­лиция құрылып, комиссия мүшелері халыққа заңдағы өзгерістерді түсіндіріп жүр.

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:28