Иә, қай жағынан алсақ та, ебін тауып еңбек етсек халқымыздың өркендеу жолындағы үлгі мен өнегесі, ойындағы ұшқырлық, бойындағы талант жетіп артылады. Соның бір көрінісіне Астана күнінде куә болдық. Осы кезге дейін өзге жұрттардың алуан түрлі шамдалдарына тамсанып, соны төбемізге де, төрімізге де іліп жүретін едік. Дизайніне, яғни құбылған шынысына, ілетін ілгегіне – несін айтасыз, бәріне қарап, мынау Еуропанікі, анау Қытайдікі деп салыстырып, салмақтап бағасына келгенде қалтаны басып, желкені қасып жүретінбіз. Ал мына шаңырақ формасындағы өз шамдалымызды көргенде ұлттық мәдениеттің бір әдемі жауһары көзімізге жылыұшырап, жанымызға жылу құйған. Жаңғыртса, жақсымыз бар екен-ау дегізді. Әр асылымызды осылайша мысқалдап жасап, қажетімізге жарата берсек, ұлттық нақыштағы дүниелеріміз бірте-бірте басқаның жылтырағының орнын басып, жетіле келіп, оны ығыстырып шығарары сөзсіз. Бұл арқылы тірнектеп тапқан теңгемізді өз қазынамызда қалдырарымыз анық. «Өзің өндірмей өзегің жалғанбайды» деген қанатты сөз осындайда туса керек.
Осы ұлттық нақыштағы дүниені жасаған азаматпен тілдескенімізде, ол бұл ісін қазір Қытай кәсіпорындарымен бірігіп жүзеге асырып жатқанын жеткізді. Шаңырақ үлгісіндегі шамдалдар (люстра) шетелдік қонақтарды қабылдайтын салтанаты мол ғимараттардың кіре берісінен бастап, әр бөлмесіне, қабырғаларына арнап жасалып жатқанын алға тартты. Сол секілді көпшілік орындарға да атап айтқанда, балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындарына, жеке үйлерге де, төрт құбыласы түгел делінетін коттедждерге де ыңғайластырып жасап жатқанына мысалдар келтіріп, алуан формаларды көрсетті.
Ол азамат – алматылық кәсіпкер Мейрам Қабдырахман еді. «Мен көптен бері Астана күніне бір тарту тартсам деп жүрген едім. Бұл жолғы дүниелерімнің бәрі елорда үшін жасалды. Пайымдауымша, Қазақ елінде қазірше мұндай ұлттық нақыштағы шамдалдар жоқ болуы керек. Мен қасиетті саналатын киіз үйдің шаңырағын негізге ала отырып, алуан түрдегі шамдалдарды жасап жатырмын. Өнімдеріме сұраныс аз болып тұрған жоқ. Қанаттас отырған қырғыз бауырлар: ағайынды елміз ғой, киіз үйдің шаңырағы қазақ-қырғызға ортақ, бірлесіп жұмыс жасайық деген ұсыныстарын білдіруде. Бірақ мен бұл жұмысты өз Отанымда өрістетуді мақұл көріп отырмын. Демеушілер өз елімізден де табылар деген үміттемін», дейді М.Қабдырахман.
Шынында, ұлттық жәдігеріміздің негізінде жасалған шам әдемі. Формасы өзгеше. Халықтық қалып айнадағыдай айқын. Оның үстіне әр шаңыраққа осы шамдалдан жарық нұры шашылып тұрса, ол ой санамызды сәулелендіріп, ұлттық рухымызды жаңғыртып жатса, қане.
Сүлеймен МӘМЕТ.

Болгариядағы бокс бәсекесі: Ұлттық құрама сапында кімдер бар?
Бокс • Бүгін, 10:47
Ұлықпан Жолдасов конституциялық өзгерістерге пікір білдірді
Референдум • Бүгін, 10:30
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова еліміздегі реформаларға қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:25
Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Еңбек адамының мүддесі – басты назарда
Ата заң • Бүгін, 10:20
Ғұсман Қырғызбаев: Референдум – Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі
Референдум • Бүгін, 10:17
Атырау экологтері мұнай өңдеу зауытын әлі тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:15
«Google салығы»: Қаңтар айында бюджет қоржыны 8,7 млрд теңгемен толықты
Салық • Бүгін, 10:12
Танымал актер Еркебұлан Дайыров референдумды қолдады
Референдум • Бүгін, 10:05
Бейбіт Сарыбай: Референдум – елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт
Референдум • Бүгін, 10:02
Ерболат Төлеген: Конституциядағы өзгерістер мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 09:58
Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын
Референдум • Бүгін, 09:45
Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:25
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10