Футбол • 09 Мамыр, 2017

Ираннан Мессидің егізі табылды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран тәртіп сақшылары Барселона клубы мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессиден аумайтын адамды ұстап алып полиция учаскісіне алып келді, деп жазады BBC.

Ираннан Мессидің егізі табылды

Мессидің "егізі" жергілікті студент екен. Реза Парастеш атты азаматтың Мессиден аумайтынын көргендер онымен жаппай селфиге түсе бастаған. Мұны көрген тәртіп сақшылары бұл әрекетті қоғамдық тәртіпітң бұзылуы деп, Реза Парастешті алып кеткен. 

25 жасар Реза Парастеш осыдан бірнеше ай бұрын да Барселонаның 10 нөмірлі футболкасымен суретке түсіп, ғаламторда әйгілі болып кеткен еді.

Осыдан кейін Реза сақалын Мессиге ұқсатып өсіре бастаған. 

"Мені адамдар ирандық Месси деп атайды және қимыл-қозғалысымды соған ұқсатуымды сұрайды", - дейді Реза. 

Қазір Реза Парастеш модельдік агенттіктермен бірнеше келісімге қол қойып, тіпті футболдың ең қиын деген әдістерін де меңгеріп жатыр.