2011 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет үйі
«Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 562-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 60-тармақпен толықтырылсын: «60. Атырау – Астана.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.