27 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 712

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 27 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 712 қаулысымен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер 1. Осы критерийлер байқау кеңестері құрылатын, қызметін денсаулық сақтау және білім беру саласында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың сәйкестігін анықтау үшін әзірленген. 2. Төменде аталған барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды (бұдан әрі – кәсіпорын) құруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді: 1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 000 еселік мөлшерін құрайды; 2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 150 адамды құрайды; 3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 30 000 еселік мөлшерін құрайды; 4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70%-ын құрайды. 3. Төменде аталған барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар кәсіпорынды құруға, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді: 1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 100 000 еселік мөлшерін құрайды; 2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 150 адамды құрайды; 3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 000 еселік мөлшерін құрайды; 4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70%-ын құрайды; 5) байқау кеңесі бар кәсіпорын құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның оқытудың күндізгі нысанында білім алушылардың жалпы саны кемінде 2500 адамды құрайды.