фото: Denys Shapovalov/iStockphoto
Шексіздікке созылған шөлдер – ойысы жинақы, шытырманға құмар саяхатшылар үшін шабыт көзі. Үнсіздік, жалғыздық пен минималистік сұлулыққа ие бұл құрғақ аймақтарда әрбір саяхатшы ерекше тәжірибе алады.
Материалдың авторы – 25 жылдан бері әлемнің әр түкпірін аралап жүрген саяхатшы-журналист Сара Маршалл. Ол «Әркім өмірінде бір рет болса да баруы керек топ 10 шөлді» оқырмандардың назарына ұсынды. Олардың қатарында:
1. Сахара, Африка;
2. Атакама, Чили;
3. Намиб, Намибия;
4. Антарктида;
5. Вади Рум, Иордания;
6. Калахари, Оңтүстік Африка;
7. Гоби, Моңғолия;
8. Колорадо платосы, АҚШ;
9. Маңғыстау, Қазақстан;
10. Empty Quarter (Руб’ аль-Хали), Арабия түбегі кірді.
Айта кетейік, автор мақаласында Mangystau өңірін Каспий жағалауындағы геологиялық ғажайыптарға толы мекен ретінде сипаттайды. Әсіресе Үстірт жазығындағы Бозжыра шатқалының алып әктасты шыңдары мен өзгеше ландшафтына ерекше тоқталған. Оның айтуынша, бұл аймақ – туристік инфрақұрылым енді дамып келе жатқан, сондықтан қазір барсаң, табиғаттың тұмса сұлулығын көпшіліксіз тамашалауға мүмкіндік бар бағыттардың бірі.
Осылайша, Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалы әлемдік деңгейдегі бірегей табиғи бағыт ретінде халықаралық БАҚ назарын тағы бір мәрте аударды.
2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады