Оқиға • Кеше

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғындарына қатысты заңсыз балық аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды

Сот анықтағандай, құқық бұзушылар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын Жөкей көлінде тиісті лицензиясыз ұсақ көзді ау торларын пайдаланып, 450 келі сазан мен мөңке балығын заңсыз аулаған. Яғни балық ресурстарын жаппай қырып-жою тәсілі қолданылған. Мемлекетке келтірілген шығын 5,7 млн теңгені құрады.

Күдіктілерді мемлекеттік ұлттық табиғи парк инспекторлары ұстаған. Тексеру барысында 14 балық аулау торы мен 19 қап балық тәркіленді. Сотта айыпталушылар тор арқылы балық аулауға тыйым салынғанын білгендерін айтып, кінәларын толық мойындады. Олар келтірілген шығынды өтеген.

Өскеменде заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді

Сот мәліметінше, ерекше қорғалатын табиғи аумақта балықты жаппай қырып-жою тәсілімен аулау табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзу болып саналады және ауыр салдарға әкеп соғады.

Әр сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейді.

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар