Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Онда ол облыстың медициналық қоғамдастығымен кездесу өткізіп, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДСЖ) енгізілу барысы жөнінде әңгімелесіп, қол жеткізілген жетістіктер мен қиыншылықтар, оларды шешу жолдарын талқылады. Осы арада айта кеткен жөн, БҰДСЖ енгізу қорытындылары жобаның пациентке бағдарланғанын нақты айқындап берді. Яғни медициналық ұйымдарды еркін таңдау қағидасына байланысты тұрғындардың барлық топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Облыста 22 мыңнан астам адам таңдау құқығын пайдаланып, жоспарлы негізде ауруханаға жатқан. Олардың 47%-ын ауыл тұрғындары құрайды, азаматтардың 79%-ы өз өңірінде емделсе (45%-ы ауыл тұрғындары), 6% өзге өңірлерді жөн көрген. Осылайша, еркін таңдау құқығын көбінесе ауыл тұрғындары пайдаланып отыр деуге болады. Өңірде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) дами бастады деуге болады. Нәтижесінде медицина саласындағы жоғары технологиялық жетістіктер пайдаланылып, Көкшетау қаласында 2 ауруханада енгізілгенін де айта кетсек, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 13 жаңа технологиялар бойынша 377 науқас ем алыпты. Облыста тұңғыш рет стационарларда ерте қалпына келтіру және медициналық оңалту технологиялары енгізілсе, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық көмектің 6 бейіні бойынша 1858 науқас емделіп шығыпты. Өңірде стационарлы алмастырушы көмек саласы да қарқынды дамуда. Егер 2009 жылы күндізгі стационарларда 10229 науқас емделсе, биылғы бірінші жартыжылдықта ол көрсеткіш 22647-ге жеткен. Біз бұдан медициналық көмектің қолжетімділігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалану қамтамасыз етіліп отырғанын көреміз. 2011 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық деңгейде БҰДСЖ екінші кезеңін енгізу басталғаны өзімізге белгілі. Ол скринингтік бағдарламаларды кеңейту, қосымша мейірбике қызметтерін ендіру, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісін енгізу, алыс елді мекендердің тұрғындары үшін жұмылғыш медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейтінін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ, министр осы жұмыс сапары барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің кезекті отырысын да өткізді. Ол онда Қазақстанда денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлініп отырғанын, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі 2004 жылдан бері төрт еседен астам өсіп, 2011 жылы 633 млрд. теңгеден асқанын айтты. Сонымен қатар, министр қоғаммен кері байланыстың маңыздылығына тоқтала келіп, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін өзара ынтымақтастықты белсенді етуге шақырды. Отырыста айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер бойынша міндетті түрде тиісті шешімдер қабылданатынына сендірді. Және өз денсаулықтары үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейтпей, сапалы ілгерілеушілікке қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».
The Telegraph басылымы Маңғыстауды әлемдегі ерекше 10 шөлдің қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 22:30
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 22:13
Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
Президент • Бүгін, 21:08
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 20:59
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:22
Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады
Референдум • Бүгін, 19:50
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:06
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:55