*Қытайдың «Синьхуа» агенттігі Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең бір жақсы деген жарнамалық орындарды сатып алды. Енді бұл алаңдарда аумағы 60, ал биіктігі 40 футтық «Синьхуа» жазуы жарқырап тұратын болады. Қытай тарабы осы үшін айына 300-400 мың доллар төлемек.
*АҚШ президенті Барак Обама ұлттық телеарнадан сөз сөйлеп, осы елдің өз қарыздарын төлей алмауы қаупі туғандығын жария етті. Сондықтан конгреске шешім қабылдау үшін бір апта уақыт қалып отыр деген ескертуін де жасады. Артынша телеэфирден көрінген конгресс өкілдер палатасының спикері Джон Бейнер мемлекеттік қарыздың деңгейін көтермейтіндіктерін, экономиканың жай-күйіне Обама жауап беретінін қадап айтты.
*Нигерде осы елдің президенті Махамаду Исуфуды өлтіріп, төңкеріс жасамақ болды деген айыппен бір топ әскери тұтқындалды. Күдіктілердің арасында майор, лейтенант шеніндегілер де бар көрінеді. Бұның алдындағы президент те әскери төңкеріс салдарынан тағынан кеткен.
*Швейцария ұлттық валютасы 30 пайызға көтерілді. Бұл АҚШ пен Еуропадағы экономикалық тұрақсыздықтардың болуы мүмкіндігімен байланысты болып отыр. Инвесторлар қаржылық толқулардан қашып, өз қаржыларын тұрақты саналатын швейцариялық франкте сақтауға ниетті екендіктерін байқатып отыр.
*Минскіде «Әлеуметтік желі арқылы революцияға» акциясына қатысушыларының велосипедпен жүріп өтушілерге қосылып кетуі қаупінен оны өткізбеу ұйғарылған. Үнсіздік акциясына қатысушылар ШОС («Шоб он сел», «Шоб он сдох») деген жазуы бар майкілерді киіп велошабандоздардың арасынан табылмақ болыпты.
*Косовоның солтүстігінде бірнеше жүздеген серб жолды жүк көліктерімен бөгеп, жергілікті полицияның ол жақта бақылау орнатуы жөніндегі операциясына қарсылық көрсетіп бағуда. Осы елдің премьер-министрі Хашим Тачи солтүстік аумақтарды толық бақылауға алу туралы полиция қызметіне бұйрық берген көрінеді. Мұндағы жағдай ушығып кетуі де мүмкін делінуде.
*БҰҰ-ның Ливия туралы баяндамасында Каддафи басқаратын аумақта отын таусылып, азық-түлік пен қаржы тапшылығы сезілгендігі ашып айтылады. Ал Ливия билігі әуе соққысынан Злитан қаласындағы ауруханада жеті дәрігер мен медбикелердің қаза тапқанына НАТО тарабын айыптауда.
*Ресейде жанармайға деген баға жарты жылда 11 пайызға өскені белгілі болды. Көктемде бұл елде «жанармай проблемасы» орын алып, май құю бекеттерінде біраз әбігерлік орын алған-ды. Өкімет өз кезегінде мұнайға қойылатын салықты 60-тан 90 пайызға дейін көтеруге мәжбүр болды. Қазір де жағдай анау айтқандай қалыпты емес.
*Лондонда мұнай фьючерсіне деген баға барреліне 117,94 долларға келіп тұрақтады. Осылайша Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнайға деген баға 0,73 долларға төмендеген. Ал Нью-Йорктегі баға 99,20 долларды құрап, 0,67 долларға арзандады.
*Британиялық әнші Эми Уайнхаустың денесі оның отбасының талабымен жерленетін орны мен уақыты көпшілікке жасырын өткізілмекші. Әншінің өлі денесі оның Лондондағы үйінен табылған болатын. Бірақ әлі күнге өлімнің неден болғанын анықтау мүмкін болмай отыр. Толық сараптау қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.