Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 85-ші театр маусымы аяқталар тұста жазушы Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» дейтін драмасын сахнаға шығарды.
Сахналық туындының негізгі айтар ойына келсек, тағдырдың бұралаң жолдарында адам басында неше түрлі тауқымет бола бермек. Оқыс қадамдар кейде бүкіл отбасының күллі құндылығының күл-паршасын шығарып, күрделі сәттерде пенделердің ішіне бүккен пиғылдарын сыртқа атойлатады.
Сағила мен Таубай да орта жастан асып, ұл үйлендіріп, немере сүйіп, алдағы күндердің амандығын тілеп отырған жандар еді. Бетіне қарап отырған жалғыз ұл шолжаң келіншегімен аялдамада қаперсіз тұрған кісіні қағып кетеді. Барлық бақытсыздықтың басы да – осы келеңсіз күн.
Бейсауат жүрген адамды көлігімен қағып кеткен баланы темір тордан құтқарып қалудың жалғыз жолы – қомақты пара ғана. Осы уақытқа дейін қоңыр тіршілік кешіп келген отбасы бір тәулікте 100 мың доллар таба ала ма?
«Тендерге түскен келіншек» деп аты еліктіріп тұрған драмада тендерге түсетін кім? Таубайдың өз әйелі ме, әлде тайраңдаған ұлдың үйіндегі келін бе?
Ал біреудің қойнындағы жарын саудалап жүрген адам кім? Бұл жасырын кейіпкер көрермендерімен кездеспейтіндігімен де тартымды.
Шарасыз отағасы – Таубайды екі құрамда театрдың актерлері Бақтияр Қожа мен Бекжан Тұрыс, ал «тендерге түскен келіншек» Сағила рөлін Дария Жүсіп, Данагүл Темірсұлтанова, сондай-ақ адвокат Жорабекті Асылбек Боранбай мен Азат Сейтметовтер ойнайды.
Өнерсүйер қауым бұл кеште талантты өнер иесі Бекжан Тұрыстың терең ойынынан кейіпкерінің өмір мазағына тайталаса алмаған жан азабын көрсе, Сағиланы сомдайтын Дана Темірсұлтанова мен Дәрия Жүсіп кейіпкер болмысын әр қырынан аша түседі.
Осы заманда қойнында жатқан жарын «тендерге» түсіріп қоятын азаматтар бар ма деген ой да көлбеңдейді. Ал қойылымның авторы, жазушы Медеу Сәрсеке болса:
– Бұл шығарма 2009 жылы туды. Бастапқыда бұл пьесаны бірқатар облыстық театрлар қоюға қызыққанымен, сахналауға асықпады. Мен кәсіби драматург емеспін. Тек 25 жыл бойы ішіме сыймай, ұйқымды бұзған нәрсені жаздым – десе, белгілі өнер сыншысы Әлия Бөпежанованың пайымы төмендегідей.
– Қойылымда бүгінгі замандағы құндылықтың өзгеруі, адамдардың соншалықты мейірімсіздігі, тіпті адам тағдырын пара шешетінін, бай мен кедей өмірінің айырмасы тұп-тура, қаз-қалпында көрсетілген. Ең бастысы, бұл жерде көзге ұрмайтын, бірақ түйсігі мол жан сезетін бір идея бар: сахна ашылғанда – әткеншекте бала отырды, екі жақтан әке-шешесі тербетіп тұрды, жабылғанда да – сол әткеншек, бірақ онда шашы ағарған, өлі жанарлы ұл отыр, екі жағынан сұп-сұр киінген біреулер әлдилеп тұр. Мұнда айтып жеткізгісіз трагедия жатыр. Қайырымсыз ұрпақ! Баланы жөнсіз, шектен тыс әлпештеу дегеннің үлкен қателікке ұрындыратынын, нәтижесінде, барын аузына тосқан әке-шешеге ұлдың қайырыла қарамауына әкеп тірейтінін көрсетіп отыр. Бала өмірдің тәттісін ғана емес, ащысын да көруі шарт.
Жаңа заманның ахуалын суреттеуге ұмтылған жазушының жаңа туындысын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Оразхан Кенебаев сахналап отыр. Енді бұл драманы көрермен күзде, театрдың 86-шы маусымы ашылғаннан кейін тамашалай алады.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
• 28 Шілде, 2011
«Тендерге түскен келіншек» немесе театр маусымындағы соңғы премьера туралы бір үзік ой

The Telegraph басылымы Маңғыстауды әлемдегі ерекше 10 шөлдің қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 22:30
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 22:13
Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 21:23
Америкалық The National Interest журналында Мемлекет басшысының мақаласы жарияланды
Президент • Бүгін, 21:08
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 20:59
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:22
Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады
Референдум • Бүгін, 19:50
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:06
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:55