28 Шілде, 2011

«Онлайн» қабылдауы өтті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас Прокурордың орынба­сары Асқар Секішев «онлайн» режимінде азаматтарды қабыл­дау жүр­гіз­ді. Мұндай форматта азамат­тарды қабылдау Бас прокуратурада бірінші рет өткізіл­ді. Облыс прокурорларының орынбасарлары мен жергілікті про­куратура орган­дары­ның жа­уап­ты қызметкерлерінің қатысуы­мен өткен «онлайн»-қа­былдауда Бас Прокурордың орын­ба­сары­на бейнеконференциялық бай­ла­ныс арқылы Алматы қала­сы, Ақмола және Қостанай об­лыс­­т­арының тұрғындары шағым­дарын жеткізді. Қабылдау жүр­гізу­дің осындай түрі азаматтар та­рапынан оң бағаланды. Өтініш берушілердің сұрақ­тары мұқият тыңдалды. Барлық арыздар зерделеніп, шағым­дану­шылардың бұзылған құ­қық­тарын қайтадан қалпына келтіру және айыптыларды заң­мен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қолдану жө­нін­де нақты тапсырмалар берілді, деп ха­барлады Бас прокура­тура­ның баспасөз қызметі.