28 Шілде, 2011

Әскери топографтар жиыны

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қарағандыдағы 92835 әскери бөлімнің базасында топо­графиялық қызмет басшы­лары­ның үш күндік жиыны басталды. Оған әскер түрлері мен тектеріндегі, өңірлік қол­басшылық­тар­дағы то­по­­қыз­мет басшылары мен топо­гео­­дезиялық бөлімдер­дің командирлері қатысуда. Оқу-әдістемелік жиынына қа­тысушылар әскери басқару ор­ган­дарын топогеодезиялық қам­тама­сыз етуді ұйымдас­тыру мә­се­леле­рін талқылап, «Әскери топография» маман­дығы бойынша тәжі­ри­белік және әдістемелік біліктерін пы­сық­тайтын сабақ­тар­ға қатысады. Оксана ПАРПУРА.