28 Шілде, 2011

«Ақбілек» романы талқыланды

1325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанадағы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханада өткен Павлодар облысының кітапхана­ара­лық күні С.Торайғыров атын­дағы облыстық кітапхананың 115 жылдығымен сәйкес келді. Алдымен қатысушылар Павлодар облысы мәдени көрсет­кіш­терінің жетістіктері көрмесін та­машалады. Бұл көрмеде академик Қаныш Сәтбаев бастаған ға­лым­дардың, Бұхар жырау, Мәш­һүр Жүсіп Көпейұлы бас­та­ған тұлға­лар­дың өмірбаяндары мен еңбек жолдары мазмұнды, тартымды да, көрнекті түрде көрсетілген. Биылғы «Бір ел – бір кітап» ак­циясына көрнекті тұлға Жү­сіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалғаны өзімізге белгілі. Ж.Ай­мауытов тәуелсіздікті аңсап, тәуел­сіз­дік үшін күрес идеясын жыр­лаған жазушы. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша сөз алған кітап­хананың меңгеру­шілері Майя Исакаева мен Айнаш Жылқыбаевалар қазақ және орыс тілдерінде роман желісіне құрыл­ған тиісті көрсеті­лімдерді көрсете отырып, жинал­ған қауымға тар­тымды баяндап бер­ді. Содан соң Жүсіпбек Ай­мауытов атындағы музыкалық-дра­­ма театрының жас әртісі Гүл­жанат Омарова «Ақбі­лек» рома­нын­дағы  монологты ше­берлікпен орындап, көз ал­ды­мызға сонау ала­сапыран жы­л­дар­дағы әділет­сіз­дік пен зорлықты көрсете келіп, жақсылық пен адал­дықтың, білім мен еңбектің жеңіп шыға­тынын көрсете білді. Семинар соңына қа­рай «Ж.Ай­мауытов тура­лы не білеміз?» атты сұрақ қойы­лып, оған нақты жауап бергендерге сыйлық­тар тапсырылды. «Қараңғы қазақ көгіне өрме­леп шығып күн болам» деп ұран­даған патриот ақын С.Торай­ғыров­тың есі­мін иеленіп отырған білім оша­ғы еліміздегі елеулі кі­тап­хана­лар­дың қатарында атала­ды. Оқырман­дар саны да, кітап қо­ры да, электронды көрсеткіш жабдық­та­ры да, жүйелі түрде өт­кізіліп оты­ратын түрлі мазмұн­да­ғы іс-шара­лары да бүгінгі кітап­ханаларға қойылатын талаптарға сай десем, еш жаңылмаған болар едім. Олай дейтінім, мен осы кі­тапхананың көп жылдар бойы оқы­рманы әрі жанашыры бол­дым. Кезінде «Ақ­бо­саға» қыз-ке­лін­шектерге арнал­ған клубтық жұ­мысын да бірлесіп өткізіп жүрдік. Жерлес жазушымыз Ж.Ай­мауытовқа арналған «Бір ел – бір кітап» акциясының бүгінгі оқыр­ман­дар үшін де, келешек ұрпақтар үшін де берері мол болды. Қазиза НАУРЫЗБАЕВА, ардагер ұстаз. Астана.