28 Шілде, 2011

Толассыз жауын 17 адамды жалмады

319 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр сал­дары адам қазасына алып келуде. Ел астанасы Сеул мен оның солтүстігінде орын алған   лай көшкінінен 17 адам опат болып, тағы үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Сеулдің солтүстік-шығысындағы 110 шақырым жерде қаза тапқан 12 адамның сегізі студенттер екені анықталды. Ал бес адам ел астанасында жан тапсырған. Толассыз жауған жауын әлі тоқтар емес. Дағдарыс қаупі әскерге де жетті Пентагон басшылары Обама әкім­шілігі тарапының әскери шығындарды 800 миллиард долларға дейін қыс­қартуды жоспарлаған қадамына қарсы екендіктерін білдіруде. Әскерилердің айтуынша, бұл әуе күштері мен теңіз флотында бірқатар қысқартулар жүр­гізуге алып келеді. Жаяу әскерлер штабының басшысы Мартин Демпси әскери бюджетті қысқарту өте күрделі ғана емес, сонымен қатар қауіпті дегенді айтыпты. АҚШ қарулы күштерінің генералдары сенаттағы тыңдауларға қатысып, қорғанысқа қажетті қаржыны сығымдауға өздерінің қарсылықтарын білдірген. Егер қаржы көзі шектелетін болса, онда әскери күштерді жауынгерлік дайындықта ұстау үшін әскерилердің санын қысқартуға тура келмек. Кипрдің рейтингі төмендеді Moodys халықаралық рейтингтік агенттігі Кипрдің рейтингін «А2»-ден «Ваа1» деңгейіне дейін төмендетті. Мұндай «қанағаттанғысыз» рейтингі ары қарай да тө­мендеуі мүмкін дегенді білдіреді. Аталған агенттік өзі­нің мұндай шешім шығаруын аралдың әлсіз эконо­мика­сымен байланыстыруда. Сондай-ақ Moodys сарапшылары кипрлік ішкі жалпы өнім өсімі 2011 жылы нөл, ал 2012 жылы бір пайызға барарын болжапты. Грекиядағы жағдай ықпал етіп отырған аралдық мемлекеттің қаржылық жүйесі тұрақты болмайды деп санайды сарапшылар. Оның үстіне әскери базадағы жарылыстан елдің 60 пайыздық жарығын беріп тұрған электр станциясы істен шыққан болатын.   Қандағар басшысы қаза тапты Ауғанстанның екінші ірі қаласы саналатын Қандағарда әкімшілік бас­шысы Гулям Гейдар Хамиди қастандық салдарынан қаза тапты. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, жа­рылғыш зат жанкештінің басына орал­ған шалмасында жасырулы болған. Теракт әкімдік ғимаратында Хамидидің жергілікті тұрғындармен жер дауы бойынша кездесуі кезінде жасалыпты. Қала басшысы мұның алдында заңсыз салынған құрылыстарды сырып тастауға бұйрық берген көрінеді. Соның салдарынан екі бала қайтыс болыпты. Негізінен әкім мінген кортеж 2009 жылы да шабуылға ұшырап, ол өзі сол кезде тірі қалған екен. Қала қоғамдық тәртіпсіздіктен қорқады Львов қаласының аймақтық әкімшілік соты осы ша­һарды неміс басқыншыларынан азат еткен күнді, яғни 27 шілдені жаппай атап өтуге тыйым салды. Мұндай ауқымды шараларды өткізу туралы арызды «Сокол» ұйымы, Компартия мен Ардагерлер кеңесі тапсырыпты. Алайда  қалалық кеңес неміс басқыншыларынан азат ету күнін атап өтуге тыйым салу ұсынысымен сотқа жүгінген. Соттың мұндай шешім шығаруына осы қалада 9 мамыр күні орын алған тәртіпсіздіктер түрткі болған. Оның үстіне жергілікті құқық қорғау басқармасы да қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіпке байланысты шараға тыйым салу өтінішімен шығыпты. Немістер кеш отау тігетінді құп көреді Немістер соңғы жылдары кеш үй­ленеді немесе тұрмысқа шығатын кө­рінеді. Германияның Федералдық статистика ведомствосының мәлі­мет­тері осылай дейді. Мысалы, 2009 жылы әрбір үйленген ердің жасы 33 болса, ал қыздардың арасында бұл көрсеткіш 30 жасты құраған. Осыдан қырық жыл бұрын, яғни 1970 жылы ГФР-да ерлердің үйлену жасы 26 болса, қыздарының тұрмыс құруы 23 жас болған көрінеді. Ал ГДР-де жастар тіпті бір-екі жас ерте отау құрыпты. Қазір жағдай керісінше қалыптасып отыр. Батыстық немістер шығыстағы қандастарына қа­рағанда бір-екі жылға бұрын отау тігеді екен. Қысқа қайырып айтқанда: *Колумбия соты бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Андрес Филипе Ариасты тұтқындауға шешім шығарған. Ол өз қызметінде фермерлік шаруашылықтарға берілуі тиіс субсидияны ірі жер иеленушілерге үлестірген деген күдікпен айыпталып отыр. *Халықаралық валюта қорының жаңадан сайланған төр­айымы Кристин Лагард проблемалы елдерге субсидия бөліп келе жатқан ұйымға қосымша қаржылық ресурстар керек екендігін мәлімдеді. 2007 жылы ХВҚ соңғы жылдары онсыз да қаржылық жүйесі тұрақсыз саналатын елдерге қаржы құюды екі есеге арттырған-ды. *Қырғызстан тұрғындарына Манас пен белгілі жазушы Шың­ғыс Айтматовқа ескерткіш тұрғызу үшін өз қаржыларын қосу ұсынылып отыр. Мұндай ұсыныспен Қырғыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекеттік дирекциясы шыққаны белгілі болды. *Мексиканың 33 жауынгері  көлікпен АҚШ-тың Техас шта­тын жалғастыратын көпірмен шекарадан өтіп кеткен. Алда­рынан күтіп алған шекарашылар жағдаймен танысып, олар­дың бағыттан қателескенінен хабардар болған соң кері қайтарған. Интернет материалдары негізінде әзірленді.