28 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай: 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.»; 3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақ­стан Республикасының Президенті бекітеді.». 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 22 шілде, №123   Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №123 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына қосымша Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Әкім­ші­лі­гінің Басшысы –  төраға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріп­тестік департаментінің директоры – комиссия хатшысы   Комиссия мүшелері: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әл­еуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық пала­та­сы­ның төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федера­ция­сы­ның төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша) Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорт­тау­шы­лары одағының президенті (келісім бойынша)