29 Шілде, 2011

Даланы қой шаруашылығынсыз елестету қиын

570 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Малды азықтандырудың қай­нар көзі ауылшаруашылық жерлері. Жер ауыл шаруашылығында ең басты өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдары ескіріп, тозып, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес дамып, жаңарып, өзгеріп тұрса, жер өндіріс құралы ретінде ауыспай қала береді. Ол пайдалану кезінде дұрыс агротехни­ка­лық жұмыстар жүргізіліп, қа­жетті тыңайтқыш беріп тұрса өзінің құнарлылығын арттыр­ма­са, кемітпейді. Өндірісте пайдалану кезінде ғылыми негізделген агротехникалық шаралар жасау арқылы жердің құнарлылығын арттырып, жайылымнан шабын­ға, шабыннан егін салатын сүді­гер жерге, суландыру арқылы тәлі­мі жерді сулы егіс жеріне ай­налдыруға әбден болады. Қазақ­станда солай жасалып та келеді. Қой шаруашылығы жермен, жайылыммен өсіріп-өндіргенде ғана басқа малдармен өнімділі­гі мен пайдалылығы жөнінде бәсекелесе алады. Ал кең жайы­лымда, әсіресе шөл-шөлейт, құм-құмайт, таулы-қыратты жерлерде қой өсіру экономикалық жағы­нын арзан да тиімді. “Қойды құмға, жылқыны қырға, сиырды сыртқа, түйені сор­ға жай”, деген қазақтың на­қыл сөзі жайылымның түр­лері­нің мол екендігін білдіреді. Жал­пы, қой малы жаратылы­сынан жайылымға жақсы бейімделген түлік. Қой өте төзімді келетіндіктен ауа райы өте суық немесе аса ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Тиімді технология ең алдымен эконо­ми­калық мақсатты көздейді. Сон­дықтан ол қолда бар жер, мате­риалдық-техникалық қор мен ең­бек ресурстарын пәрменді және үнемді пайдалануға бағыт­тала­ды. Тиімді технология әрбір гектар жерден, әр бас малдан ең көп, ең арзан, ең сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі тиіс. Мал ша­руа­шылығы өнімдерін өндіру тех­нологиясы қолданбалы ғылым ретінде ауылшаруашылық жерін, малды, жем-шөпті, басқа да өндіріске қатысты заттарды, адам еңбегін ең жоғары дәрежеде ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіреді, нәтижесінде тиімді технологияны өндіріске ұсына­ды. Сонымен қатар жемшөп ба­за­сына көңіл аударылмайды. Әри­не осындай салғырттықтан мал шаруашылығына зиян көп болады. Мұндай өнімдердің шарықтап қымбаттауы, азот, фосфор ты­ңайт­қыштарының тапшылығы жа­йылым жерлердің құнарлы­лы­ғын арттыру ісіне өзінің кері әсерін тигізуде. Осындай жағ­дай­да жайылым жерлерді дұрыс, жү­йелі пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан ғалымдары бұл жөнін­де де жақсы ұсыныстар жасап отыр. Қазақтың қой шаруашы­лы­ғы, қаракөл шаруашылығы және мал азығы мен жайылым инсти­туттары әр аймаққа арналған көптеген ұсыныстар береді. Міне, сол ұсыныстарды басшы­лық­қа алып пайдалансақ қойдан өте арзан, аса сапалы өнім өндіруге жол ашылады. Қой шаруашылығы – Қазақ­стан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, қа­зір­де солай, алдағы уақытта да бола береді. Оның солай болуы­ның себебі қой негізінен жайы­лым малы. Қазақстанның 180 млн. гектарға жуық табиғи жайы­лымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтиже­сін­де ең арзан ет, жүн, тері, басқа да өнімдер өндіруге болады. Сон­дықтан Қазақстан даласын қой малынсыз елестету қиын. Ол адамға аса қажетті көпте­ген азық-түліктер, атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тон­дық терілер мен елтірі сияқты өнер­кәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жи­на­ла­тын ішек, мүйіз, сүйек сияқ­ты зат­тар да өңдеген соң өз ор­нын таба­тын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералды азық­тар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қой шаруашылығын интенсивтендіру үшін күш-жігерді, қа­ра­жатты және жем-шөп базасын нығайтуға жұмсаған жөн. Жайы­лымның өнімділігін, қойдың сыйымдылығын арттыру үшін шөп егіп, өнімділігін жоғары­лату­дың жолы баршылық. Қазіргі заманғы агротехниканы жақсы білген фер­мер оны жасай алады. Соны­мен бірге қолдан әзірлеп берілетін жемшөптің түрі де, мүм­кіндігі де жоғары. Сондық­тан, шаруашылық иесі ұдайы қолда бар жерін жақсартып, құ­нарлы­лығын арттырып, әр гектардан өндірілетін жемшөпті кө­бейте беруге мүмкіндігі зор. Қазақстанда қой шаруашы­лығы негізінен төрт бағытта өр­кен­деп келеді. Олар биязы, бия­зылау, кроссбред және кроссбред типтес, ұяң және етті-майлы құй­­рықты, қылшық жүнді қой ша­руа­­шылықтары. Биязы жүн қой тұқым­дары­ның басқа қой тұқымдарынан негізгі айырмашылығы тек біркелкі түбіттен ғана тұратын, түбіттің әрбір талшығының жіңішкелігі 25 мкм.-ден аспайтын, иректігі ай­қын, шайырлы, тығыз ақ жүн­ділігі. Биязы жүн тұқымдарының Қазақстанда өсірілетін түрлерін атап өтсек, қазақтың биязы жүн­ді, оңтүстік қазақ меринос, қазақ­тың арқар меринос, солтүстік қазақ мериносы қой тұқымдары жата­ды. Бұл қой тұқымдары үне­мі жайып бағу жағдайында ғана өсі­ріледі, жазда жайлауда, тауда, көк­темде, күзде бағылады. Қара күз қыста сарытау құмда, сөйтіп жыл он екі ай бойы даланың та­биғи жайылымында өседі. Сон­дықтан осы қой тұқымдары өте төзімді, жергілікті жағдайға бейімделген, қысқа қайратты, таби­ғи жайы­лым шөбін жақсы пайда­ланатын тұқым болып қалыптас­ты. Биязылау жүнді, кроссбред және кроссбред типтес қой тұ­қым­дары дегеніміз біркелкі жүн талшықтарынан тұратын, тал­шықтары түбіт талшықтан жуандау, 25,1-44,0 мкм. немесе са­пасы 58-36 аралығында, ұзын­дығы 6-дан 20 см дейін, кейде одан да ұзын біркелкі жүн беретін қойлар жатады. Қазақстанда өсірілетін мынан­дай тұқым­да­ры бар: дегерес, цигай, гемп­шир, қазақтың етті-жүнді биязылау жүнді қой тұ­қы­мы. Бұл тұқым­дар жоғары ет­ және жүн өнім­ділігімен ерекшеленеді. Мал өсіруде тиімділігі жоға­ры, қойылып отырған эконо­ми­калық талапқа сай, алдыңғы өн­ді­ріс міндеттеріне лайықты мал­ды таңдап алу­дың өзі де көп­теген білімділікті, шеберлікті талап етеді. Қорытып айт­қанда, қой ша­руашылығы – нарықтық эконо­мика жағдайында бәсекеге шы­дап, пайдалы ж­ә­не табысты сала бола алады. Ол үшін зоотехния мен мал­дәрігер­лік ғылым жетістіктерін іздеп тауып, өндіріске пайдалана беру қажет. Бейбіт ҚҰЛАТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғы­­лым­­дарының  кандидаты, доцент.