29 Шілде, 2011

Мұнысы несі?

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
13 шілде күні халықаралық дәрежедегі спорт нұсқаушысы, альпинист Ербол Оразалин екі серігімен бірге 9-15 жас ара­лы­ғын­дағы бір топ жасөспі­рім­дер­ді ертіп Сайрам-Өгем ұлттық паркі арқылы серуенге шыққан. Нұсқаушылар тәжірибелі, адам­­гершіліктері жоғары жігіттер. Ба­ла­лардың ата-аналары ұлан­­д­ары­ның туған ел таби­ға­ты­ның ғажай­ып­тарымен тыныс­тап, ар­қа­ланып қайтуына қарсы бол­май­ды. Шы­ны­ғып, ширап қайт­сын деп ойлайды. Он күннен кейін оралуға тиіс топ сол кеткеннен құмға сіңген судай жоқ болған. Сөйтсе 14  шілде күні Сайрам су кемпингі арқылы өзен бастауында тұрған Майданталға өтіп, кері бұрыл­мақ болған топты Өзбекстан шек­ара­шылары ұстап, шекара бұзу­шы­лар деп рәсімдеп, Бос­тан­дық ау­дан­­дық полиция бөлі­міне өткізген. Шымкентке оралуға тиіс ба­лаларын күткен ата-аналардың жан күйзелісін сөзбен жеткізу қиын. Тау саяхатымен айна­лы­са­тын, туған жер табиғатын насихаттап жүретін белгілі журналист Кеңес Исмайылов бас бо­лып, балаларға іздеу жарияла­ған. Әу баста күдік өзбек ше­кара­шыларына түскенімен, жекелеген адамдардың араласуы ар­­қылы балалардың Бостандық по­­­лиция бөлімінде қамалып от­ыр­­ғандығы белгілі болған. Тауда арнайы тартылған шекара белдігі жоқ. Мына метр Қа­зақ­стан­дікі, мына жарты метр Өзбек­стандікі дей алмайсың. Өз­­бек ше­к­а­рашыларының әсіре­қы­ра­ғы­лық танытуы бұл бір емес. Сонау жыл­дары екі ел шека­ра­сын белгілеу кезінде ар­найы келген Парламент депу­тат­тары мен алтын по­гонды гене­рал­дары­мыздың көзін­ше со­лар­­ды түсіріп жүріп, аң­дау­сызда өзбек шекара­сына екі-үш қадам кіріп кеткен операто­ры­мыз­ды олар­дың алып қашқанын көріп едік. Қазақстанда 400 мыңға жуық өзбек диаспорасы тұрады. Бө­тен­сің деген ешкім жоқ. Жағ­дайлары өте жақсы. Проблема­ла­ры шешілген Қазақ олар­ға туыс­қаным деп қарайды. Туысқандық екі жаққа бірдей болуы керек. Ең болмаса хабарлап айтпай ма? Әр нәрсенің талабына сай тәртібі де болады ғой. Шекарада әсіреәрекеттер жасайтын өзбек сақ­шы­ларының осыны ойламай­ты­ны өкінішті. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.