Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыс әкімдері мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен өсімдік шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
Кеңес барысында, басымдыққа ие ауылшаруашылық дақылдары өндірісін субсидиялау мәселесі талқыланып, сол сияқты өсімдік шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа формалары қаралды.
Осы күні Премьер-Министр Мичурин кентіндегі спортшылар мен теміржолшыларға арналған реабилитациялық орталықта болды.
Спорттық-медициналық кешенде спортшылардың сапалы жаттығулары, қайта қалпына келулері, науқастардың алдын алуы және сауығуы үшін жағдайлар жасалған. Кешен атлеттер мен теміржолшылардың функциялық жағдайын бағалайтын қазіргі заманғы жабдықтармен, физиотерапиялық және басқа да емдер жасайтын аппаратурамен қамтамасыз етілген.
«Егемен-ақпарат».