30 Шілде, 2011

Консорциумнан күтер үміт көп

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «ҰБХ «Қаз­Агро» АҚ-тың қатысуымен «Аграрлық инновация мен өндірісті нарық арқылы – қуатты Қазақстанды бірге қалаймыз» атты екі күндік республикалық ғылыми-тә­жі­ри­белік семинар өтті. Ауыл шаруашылығы минист­р­лі­гінің мамандары, еліміздің 14 аймағынан шаруа қо­жа­лықтары мен фермерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өкілдері қатысқан жиында ҮИИДБ-ні жүзеге асыру және Астана мен Алматы қалаларында азық-түлік белдеуін қалыптастыру шеңберіндегі көкейкесті мәселелер қа­ралып, аталған жоо-мен Аграрлық ғылыми-өндірістік консорциум құру жөнінде меморандумға қол қойды. Ауыл шаруашылығы саласына жоғары білімді әрі білікті мамандар даярлап, аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасының талап тұрғысынан іс жүзіне асуына аса жоғары жауапкершілікпен атсалысып келе жатқан аграрлық университет ға­лымдарының айтуынша, бұл қа­дам ауылшаруашылық өнімдерін сапалы дайындап, әлеуетін арт­тыруда аграрлық өндіріске ықпал етпек. Меморандум аясында тараптар отандық агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми өндірістік консорциум құруға ниетті болып, ҰАУ-да бас қосуының себебі – университет қабырғасында Қазақ­стан-жапон инновациялық орта­лығы, 6 ғылыми-зерттеу инсти­ту­ты және 31 ізденушілер зерт­ха­на­сы жұмыс істеп, мұндағы ға­лым­дар соңғы жылдары ауыл ша­руашылығы саласында көптеген инновациялық жобалар ұсыну­ын­да. Осы ретте семинар барысын­да аталмыш оқу орнындағы қазақ-жапон инновациялық орталығын­да бірлесіп жүзеге асырған және жоспарланып отырған жобалар­дың, ғылыми-зерттеу орталық­та­ры мен инновациялық зертхана­лар­дың, университет ғалымдары­ның біткен ғылыми жұмыстары­ның тұсаукесері өтті. Оның үс­ті­не, азық-түлік қауіпсіздігін сақ­тау­да ел Үкіметі де көптеген тың жобаларды жыл санап іске асы­руда. Сондай-ақ мұнда отандық ауылшаруашылық өнімдерін тек ішкі рынокқа тәуелді етпей, сырт­қа шығаруға да әлеуетіміз жететіні айтылды. Жиында ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есболов еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету­де аграрлық инновация мен өндірісті рынок арқылы қа­лып­тас­тырып, оның мәселелерін шешуде бар мүмкіндіктерді біріктіру қажеттігін атап өтті. Ал «Қаз­Агро» ҰБХ» АҚ басқарма төраға­сы­ның орынбасары Қайрат Ай­ту­ғанов ҚазҰАУ-дың ғалымдары, ӘКК және «ҚазАгро» арасындағы инновациялық зерттеулер жүргі­зіп, оны іске асырудағы әріптестік қарым-қатынас өзекті мәселе бо­лып саналатынын, сондай-ақ бо­ла­шақта ауыл шаруашылығы са­ла­сында атқарылар істер көп екенін алға тартты. «Біздің болжам бойынша, тек ірі қара етін экс­порт­тауды 2016 жылы 60 мың тоннаға, 2020 жылы 200 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр­мыз. Қазірдің өзінде мемлекет бірте-бірте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе бастады. Осының бар­лығы бүгінгі ауыл шаруашы­лы­ғындағы ғылым мен терең білімнің жемісі, – деді ол. Семинардың екінші күні «Ау­ыл шаруашылығы өндірісіндегі аграрлық ғылымның жетістігі» атты дөңгелек үстел өтіп, онда ғылым мен өндірістегі тиімді іс-қимылдың, экономикадағы аграр­лық салаға деген қоғамдық қы­зы­ғушылықты арттыру, республи­ка­ның агроөнеркәсіп кешеніндегі жо­балардың дамуына дем беру мәселелері де таразы талқысына салынды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.