30 Шілде, 2011

Кеңестің кезекті отырысы

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің жанындағы Құ­қық­тық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңесте рұқсат құжаттарын алудың және қысқартудың бірыңғай жеңілдетілген тәртібін белгілеу, олардың бірыңғай тізімін жасау, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын оңтай­лан­дыру жөнін­дегі заңнаманы жетілдіру туралы мәселе қарас­тырылды. Одан басқа, мұн­да қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелер де қаралды. Аталған мәселелер бойынша Экономикалық даму және сауда, сондай-ақ Әділет министр­ліктерінің ақпараты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсы­ным­дары Қазақстан Республикасының заңнамасын және құ­қық қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20