30 Шілде, 2011

Сөз бен іс

473 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Семейдегі «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» жеке меншік шаруа серіктестігіндегі игілікті істер туралы осыдан бірер жыл бұрын жазған болатынбыз. Атал­ған кәсіпорын содан беріде де соны жаңалықтардан кенде емес. Айталық, жуырда ғана мұн­да құс өсіру саласындағы әлем­де­гі ал­дыңғы қатарлы техноло­гия­лық жабдықтармен жаңар­тыл­ған құс сою, ет өңдеу цех­та­ры мен инкубатор салтанатты жағдайда аш­ыл­ды. Ал мұны елімізде үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасын тездетіп жүзе­ге асыру жөніндегі Елбасы тап­сырмасына орай Семей өңі­рінде атқарылған бір игілікті шара деп қабылдағанымыз ләзім. Осы ор­ай­­да бұл кәсіпорын тура­лы бұ­ры­н­ғы жазғанымызды то­лы­ғы­мен қайталамай, тек кейбіріне ға­на тоқтала кетсек дейміз. Ол осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын Семей үйрек фабрикасы деген атпен іске қо­сылған-ды. Қаладан 25 шақы­рым жерде бой көтерген жаңа кәсіп­орын жанынан Утинка деп атала­тын жаңа кент те қоса са­лынған болатын. Сол жаңа кә­сіп­орынның алдына жылына үш мың тонна үйрек етін өндіру міндеті қой­ыл­ған еді. Сол міндет ақыры түрлі себептермен орын­далмай қалды да, енді кәсіпорын бройлер етін өн­діруге бейімделіп, қайта құрыл­ды. Сонымен бір­ге іргедегі кент аты да Приир­тыш деп өзгертілді. Бірақ, фабри­ка, кент аты өзгер­ген­мен, оның за­тын­да өзгеріс бола қойған жоқ. Яғни, бірінен кейін бірі ауысқан басшылардың кәсіпорынды ты­ғы­­­рық­тан алып шығуға шамалары келмеді. Ал осыдан он жыл бұрын кә­сіпорын тізгінін мамандығы инженер-механик, оның үстіне Семей зоотехникалық-мал дәрігер­лік институтында, «Семейқұс» деп аталатын құс фабрикасында басшы қызметтерде болған Бей­сенғазы Тастекеев деген өмір көр­ген азаматқа сеніп тапсыры­лады. Ол болса бірінші кезекте өндірісті қайта жабдықтау, бройлер ет өнімдерін өндіру жұ­мыс­тарын ғылыммен ұштастыра жүр­гізуді қолға алады. Солайша мұнда осыдан алты-жеті жыл бұрын қайта жабықтау және бройлер ет өнімдерін өн­ді­руді өндірістік модернизациялау жұмыстарының бірінші кезеңі жүзеге асырылады. Соған орай кәсіпорын технологиясы түбірі­мен өзгертіледі. Құстарды өсіру технологиясында белгілі бір жетіктікке жетуге осындағы кор­пус­тарды “Bib Deutcһman» фир­ма­сының жемдеу және суару құрал-жаб­дықтарымен және «EXA­FAN» фирмасының желдеткіш жүйесі­мен жабдықтау көп әсерін тигізді. Осы жылдар аралығында кә­сіпорында әлемдік озық фир­ма­лардың құрал-жабдықтарын өн­ді­ріске кеңінен енгізу жүзеге асы­­рылды. Сонымен бірге балапан шығаруға компьютерлік ба­қылау орнатылды. Ал құс сою цехында бір сағаттық қуаты 1500 басқа арналған, салқындатқыш камера­сымен жабдықталған «Ti­tan» деп аталатын венгр фир­ма­сының жар­тылай автоматтан­ды­рыл­ған құс сою желісі орнатылды. 2009 жылы өндірісті модернизациялау жұмыстарының екінші кезеңі басталып, нидерландтық фир­­маның жылдық қуаты 10 миллион жұмыртқаға арналған ин­ку­баторы іске кірісті. Ет то­ңа­зыт­қыш камералары да соңғы жыл­да­ры орнатылды. Осы орайда, кә­сіп­орын басшысы Бейсен­ғазы Мә­лік­ұлы етті мұздатып сақтауға тү­бі­рімен қарсы. Ондай жағдайда ет сапасы айтарлықтай төмендейді. Енді, міне, мұнда құс сою жә­не ет өңдеу желісі әлемдегі ал­дыңғы қатарлы технологиялық жабдық­тар­мен жаңартылып отыр. Гол­лан­дияның «Meуn» фирма­сы­ның бұл қондырғысы сағатына 4 мың бас тауық союға арналған. Кә­сіп­орын былтырғы жылы 7 мың тонна құс етін өндірсе, биыл 8 мың тоннаға жеткізілмек. Ал ал­дағы таяу болашақта бұл кө­р­сет­кіш 12 мың тоннаға жетеді деп күтілуде. Ал оған мұндағылардың сенімі зор. Өйткені, кәсіпорында бұған дейін түрлі мазмұндағы 39 корпус жұмыс істеп тұрса, би­ыл­ғы жылы жаңадан 9 корпус қа­тарға қосылып отыр. Осылай­ша осыдан оншақты жыл бұрын құлап, қаусап қалған кәсіпорын қайтадан еңсесін тіктеп, толық қуатымен жұмыс істеуде. Осы орайда кәсіпорын директорының облыс, қала басшыларына алғы­сы шексіз. Айталық, бұлар тек қана облыс тарапынан соңғы бес жылда 900 миллион субсидия алған. Ел құс етіне көшіп жатқан шақта бұл үлкен қамқорлық. Бұл игі шараның елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту ісінде де маңызы зор. Және қазіргі басты мақсат сырттан тасымалданатын азық-түлікті мейлінше азайту емес пе. Облыс әкімі айтқандай, аталған кәсіпорынның құс етін өндіруде облыс бойынша алда келе жатқаны және қуантады. Мұны бір десек, екіншіден, мұнда жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындары өз алдына бір әңгіме. Айталық, қазірде фабрикада 370 адам еңбек етуде. Бұр­нағы жылдары олардың орташа айлық жалақысы 30 мың теңге төңірегінде болса, биылғы жылы ол 50 мың теңгеге жетіпті. Сонсоң мұнда негізінен өзі­міз­дің қаракөз қандастарымыз жұ­мыс істейтінін аңғарып қал­дық. Ал оның негізгі себебі мы­на­да. Яғни, тоқсаныншы жыл­дар­­да­ғы қиын шақта қалаға қарай шұбырған ауыл тұр­ғын­да­ры осы маңайға келіп тұрақтап қалған ғой. Содан біртіндеп осы кәсіп­орынға келіп жұмысқа тұр­ған, азға қанағат тұтқан, сөйтіп тө­зім­ділік танытқан. Ақыры, міне, шетелдік түрлі құрал-жаб­дық­­тар­мен жұмыс істеуді игеріп, табыстары да уақыт өткен сайын арта түсіп келеді. Осы орайда және бір астын сызып айтатын жәйт, сол маңай­дағы елді мекендерге қолұшын беру бұл кәсіпорынның дағдылы ісіне айналған. Өздеріне тақау ау­ыл­дардың ауыз су, жылу мәсе­ле­лерінен бұлардың шет қалған кезі жоқ. Ондай қамқорлықтан білім ордалары да шет қалған емес. Тіпті, осы өңірдегі рухани, мә­де­ни шараларға атсалысу да бұ­лар­дың төл міндетіне айналған. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,       Семей.