03 Тамыз, 2011

Жолдастық кездесуге – жаңа құраммен

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан ұлттық құрама­сы­­ның бас бапкері Мирослав Биранек Астанада 10 тамыз күні Сирия құрамасымен өте­тін жолдас­тық кездесуге ш­а­қырылған ойын­­шы­лардың тізімін атады. Чех маманы бұл ойынға мына футболшылардың шақырылға­нын айтты. Қақпашылар: Владимир Логиновский («Жетісу»), Антон Цирин («Ертіс»), Роман Нестеренко («Ордабасы»). Қорғаушылар: Самат Смақов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақ­төбе»), Марк Гурман, Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов (бәрі – «Астана»), Александр Киров («Шах­­тер»), Мұхтар Мұх­таров («Ордабасы»). Жартылай қорғаушылар: Марат Хайрулин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Марат Шахметов («Астана»), Ұлан Қо­ныс­баев, Мақсат Байжанов, Жам­был Көкеев (бәрі – «Шахтер»). Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Жетісу»), Таңат Нүсер­баев («Астана»), Дәуренбек Тә­жін­бетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»). Жолдастық кездесуге дайын­дық 3 тамыз күні басталды.