Оның айтуынша, құжаттың қабылданған күні мен оның күшіне ену мерзімі екі бөлек ұғым. Қазіргі ұсыныста әңгіме Конституцияның қабылданған күні туралы болып отыр.
«Адамдар қалай дұрыс деп санаса, солай дауыс беруге құқылы. Бұған ешкім шектеу қоймайды. Сол үшін де референдум жарияланып отыр, яғни азаматтардың пікірін білу үшін. Халық қалай шешсе, соған сай шешім қабылданады. Егер қолдаса, жаңа Конституция қабылданады және Конституция күні 15 наурызда аталып өтеді», деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
Ұсынылып отырған түзетулер Негізгі заңның 77-бабына қатысты. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтиды. Алайда 29 қаңтарда арнайы комиссия мүшелері талқылау барысында өзгерістердің ауқымы жаңа Конституция қабылдауды қажет ететінін атап өткен.
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Мемлекет басшысының пікірінше, ұсынылып отырған жаңалықтар елдің бүкіл мемлекеттік жүйесін түбегейлі өзгертеді. Сонымен бірге Конституциядағы ел аумағының тұтастығы мен қол сұғылмастығына қатысты норма өзгеріссіз қалмақ.
Референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізген ақпараттық агенттікке айыппұл салынды