05 Тамыз, 2011

Керекудегі химия кластерінің көкжиегі

526 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысының Павлодар облысындағы жұмыс сапары аяқталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы жұмыс сапарының екінші күнін «Каустик» АҚ базасында құрылып жатқан еркін экономикалық аймақтың жұмы­сы­мен танысудан бастады. Өндірісі өрге басқан, қойнауы қазынаға толы, таңғажайып таби­ғаты бар ежелгі Кереку еліміздің өнеркәсібі өркен жайған табысты өңірлерінің бірінен саналады. Мі­не, экономикалық қуаты өр­кен­деген осы өңірдегі Павлодар химия за­уытының базасында 2002 жылы «Каустик» акционерлік қоғамы құ­рылған болатын. Ал 2010 жыл­ғы 21 желтоқсанда Елбасы дәс­түр­лі телекөпір арқылы болған бейнеконференцияда осы зауыт­та­ғы «Мембранды әдіспен кау­с­ти­калық сода және хлор шыға­ра­тын өндірістің құрылысын салу жөніндегі» жобаның тұсаукесе­рін өткізген болатын. Бұл жоба­ның жалпы құны 16,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде белгіленген. Ал жаңа өндіріске қа­жет­ті шикізатты облыс аумағындағы тұзды көлдерден керегінше алуға болады. Сөйтіп, Мемлекет басшысы­ның тікелей бастамасымен елімізде іс жүзіне асырыла бастаған химия кластері аясында Павлодарда тағы бір химиялық ке­шен­нің өмірі басталған. Бұл кә­сіпорында мембранды технология әдісі бойынша әлемдік озық жетістіктер негізінде каустика­лық сода және хлор шығаратын заманауи өндіріс жұмыс істей бастады. Мұнда бүгінгі заманның озық қондырғылары орнатылды. Химиялық жаңа өндіріс орнының экологиялық тазалығы жағынан, өндірістік қуаты жағынан елімізде баламасы жоқ. Зауыт толық қуатында жұмыс істей бастағанда еліміздің химиялық шикізат – каустикке деген сұранысының 80 пайызы, хлор, тұзды қышқыл жә­не гипохлоритке деген ішкі ры­нок сұранысының 100 пайызы қам­тамасыз етіледі. Жалпы, зау­ыт­тың өндірістік қуаты жылына 26 457 тонна хлор, 6600 тонна гипохлорит натрий, 45000 тонна тұзды қышқыл, 30000 тонна каустикалық сода шығаруға негізделген. Бұл меже 2012 жыл­­дың алғашқы жартыжылдығында алынады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың алты айы ішінде «Каустик» АҚ жалпы құ­ны 134,8 млн. тенге болатын 386 тонна өнім өндірген. Қазір зауыт­та 452 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда жұмыс істей­тіндердің орташа жалақысы бү­гінде 58 585 теңгеден айналатын көрінеді. Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы осы өндіріс орталығы негізінде құрылғалы отырған химия кластеріне арнал­ған еркін экономикалық аймақ­тың (ЕЭА) техникалық-экономи­калық жағдайымен танысты. Об­лыс әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы жабдықталған көрнекі стен­ділер негізінде Елбасына «Хи­мпарк – Павлодар» еркін эко­номикалық аймағының жай-жап­сарын баяндады. ЕЭА Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіп­тік аймағында орналасқан. Қазір­гі таңда ЕЭА-ның жалпы аумағы 1200 гектар жер көлемін алмақ. ЕЭА құрамында қазірдің өзінде екі ең ірі инвесторлар жұмысын бастағалы отыр. Олар: «Қазато­м­өнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен Ресейдің «Группа НИТОЛ» ашық акционерлік қоғамы болып табылады. «Группа НИТОЛ» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Анатолий Гончаров өздерінің жоба­сымен Мемлекет басшысын та­ныс­тыра келіп, Павлодардағы ЕЭА базасында құрылатын бірлескен кәсіпорын жылына 12000 тонна жартылай кристалданды­рылған кремний шығаруды ниет етіп отырғандығын атап көрсетті. Осы мақсат үшін «Группа НИТОЛ» ААҚ бұл жобаға 1 миллирд АҚШ доллары көлемінде ин­вестиция құйғалы отыр. Сон­дай-ақ, олар болашақта 1200 жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтымақ. Бұл екі жаққа да тиімді әрі ауқымды жоба 2011-2015 жылдар аралығында жүзеге асы­рылмақ. Анатолий Гончаровтың айтуынша, Ресейдің ірі химия­лық компаниясын Қазақстанға инвестиция салып, үлкен өндіріс орнын ашуға еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуал және өте бай шикізат қоры қызықтырып отырған көрінеді. Содан кейін Елбасы «Каустик» АҚ-тың бір топ жұмыс­шы­ла­ры­мен кездесіп, пікір алысты. Өзін Ерсайын Қасеновпін деп таныс­тырған зауыт маманы өзі­нің осы кәсіпорында 1980 жыл­дан бері еңбек етіп келе жатқа­нын айта келіп, Павлодар өңірін­де тұрғын­дардың тұрмысы жыл­дан-жылға жақсарып, жаңа мектептер мен балабақшалардың ашы­лып жатқа­нын атап көретті. Бұл Сіздің жүр­гізіп келе жатқан сара саясатыңыз бен жоғары іскерлігіңіздің арқасы, деді ол өз сөзінде. Мемлекет басшысы осыдан кейін Павлодар қаласында жаңа­дан ашылған «Энергетик» теннис орталығына келді. Теннис орта­лығы 3750 шаршы метр аумақты алып жатыр. 2172 шаршы метрді алып жатқан екі ойын залындағы 4 теннис корттарында күніне 200-ге тарта адам спортпен шұғыл­дана алады. «Энергетик» теннис орталығы» ЖШС-ның бас ди­ректоры Баян Құрманбаеваның айтуынша, өңіраралық және ха­лықаралық теннис жарыстарын өткізуге бейімделген теннис ор­та­лығында 264 көрерменге ар­нал­ған зал бар. «Энергетик» теннис орталы­ғынан шыққаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар өңіріндегі сапар қо­ры­тындысы жөнінде ой бөлісіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Мен осының алдында Алматы облысында, Алматы қаласында болдым. Міне, Павлодар облы­сын­дағы жұмыс сапары да аяқта­лып қалды. Алдағы уақытта елі­міздің астықты өңірлерін аралай­мын, деп бастады сөзін Елбасы. Әрине, Павлодар өңірінің индус­трияландыру мәселесі жөнінде өте маңызды орын алатындығын атап көрсеткім келеді. Индус­трияландыру бағдарламасы бой­ын­ша мұнда жалпы 144 нысан іске қосылмақ. Оның ішінде 30 ны­сан қазірдің өзінде пайдалануға берілсе, 12 ірі индустриялық жоба биыл жүзеге асырылмақ. Одан әрі Нұрсұлтан Әбішұлы Ақсу жылу электр стансасында іс жүзіне асырылып жатқан ау­қым­ды жұмыстар жөнінде айта келіп, «Каустик» АҚ-тың шеңберінде қолға алынып жатқан кешенді жұмыстарға тоқталды. Бұрынғы әскери химиялық зауыт толықтай қайта құрылып, мұнда өдіріске қажетті бейбіт өнімдер шығара­тын «Каустик» зауыты жұмыс істей бастады, деді Елбасы. Зауыт Қазақстан экономикасы үшін аса қажетті каустикалық сода, хлор, тұзды қышқыл шығарады. Бұл өнімдер ТМД мемлекеттерінде де, Кеден одағында да үлкен сұра­ныс­қа ие болып отыр. Осы зауыт ая­сында жаңа өндіріс кешендері бой көтермек. Тағы да қосымша жұ­мыс орындары ашылатын болады. Естеріңізде болса, мен халық­қа жолдаған Жолдауымда ересек қазақстандықтардың 30 пайызы және балалар спортпен айна­лы­суы қажет екендігі жөнінде міндет қойған болатынмын, деп жал­ғас­тырды сөзін Мемлекет бас­шысы. Міне, Павлодарда тамаша спорт түрі – тенниспен шұғыл­данатын орталық ашылып отыр. Мұндай орталықтар қазір Қазақ­станның барлық өңірлерінде де ашылуда. Содан кейін Елбасы елімізде жұмыс істеп жатқан үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасына, әлеуметтік даму, тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығын жаңғырту, тұрғын­дар­ды жұмыспен қамту, сапалы ауыз су бағдарламаларына, «Жол карта­сы-2020» шараларына тоқ­та­ла келіп, бұл бағдарламалардың әлеу­мет­тік-экономикалық даму үрді­сі­не қосып отырған игі ық­палын ерекше атап көрсетті. Ел Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы бұл – бар­лы­ғымыз үшін қуанышты да м­а­ңызды оқиға, деді Мемлекет бас­шысы одан әрі. Осынау аса ма­ңызды атаулы күнді лайықты қар­сы алу үшін біз барлық ау­ыл­дар­да, елді мекендерде, қала­лар­да т­а­залық пен тәртіп орна­туы­мыз керек. Тұрғында­рымыз­дың денсау­лы­ғын одан әрі нығайтып, бала­ларымыздың білім алу жағдайын жақсартуымыз қа­жет. Басқаша айтсақ, барлық ша­ңырақта бірлік пен береке, елімізде татулық пен тұрақтылық бо­луы керек. Тұ­рақ­ты жұмыс ор­ны, жоғары жалақы, балалары­мыздың сапалы да жақ­сы оқуы болса, тұрғындарымыз алдыңғы қатарлы клиникаларда денсаулы­ғын нығайтса, одан ар­тық адамға не керек. Біз болашақта қазақстан­дық­тардың түгелдей жұмыспен қам­ты­луына қол жеткізуіміз қажет, деді Президент. Қазақстандықтар түгел жұмыс істеуі керек. Кім де кім жұмыс істейтін болса, оның тұрмысы төмен болуы мүмкін емес. Мемлекет ол үшін барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Жұ­мыс орындары ашылуда, бизнеспен шұғылдануға да толық жағ­дай жасалуда. Ал адамдар жақсы тұрмыс құруы үшін білек түріп, еңбек етуі қажет. Одан кейін Ел­басы журналистер қойған бірқа­тар сұрақтарға жауап берді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.