06 Тамыз, 2011

Қытай елшісімен кездесті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сенат аппаратының басшысы Талғат Сәрсенбаев Қытай Ха­лық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзамен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының бас­­пасөз қызметі. Кездесу барысында Парламент Сенатының Төр­ағасы Қайрат Мәмидің шақыруымен үстіміздегі жылдың қыркүйек айы­на жоспарланған Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұ­рақты комитетінің Төрағасы У Бангоның ресми сапарына қатысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.