09 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №237-ө

947 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін
2011 жылғы 28 маусым,  Астана қаласы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы бекітілсін. 2. Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Мына бұйрықтардың: 1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 25 ақпанда № 5565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7); 2) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда № 6068 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА. «Келісілді» Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі        Денсаулық сақтау министрі __________Б.ЖҰМАҒҰЛОВ        ____________    С.ҚАЙЫРБЕКОВА 2011 жылғы 29 маусым            2011 жылғы 29 маусым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодек­сінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтiк қызмет­тер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жыл­ғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және меншік нысанына және ведомстволық бағыныс­тылығына қарамастан халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсете­тiн әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттаудың тәртi­бiн айқындайды. 2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеу­мет­тiк қызметкерлердi аттестаттауға (бұдан әрi – аттестаттау) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажет­тiлiктi бағалау және айқындау жүргізетін, бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілікке ие әлеуметтiк қызметкерлер (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкерлер) жатады. 3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеу­меттік қызметкерлерді аттестаттаудың негiзгi мақсаты: 1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласын­дағы заманауи теориялық және практикалық әдiс­тердi игерген жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету; 2) әлеуметтік қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына, оның ішінде тиісті санатты белгілеу немесе жоғарылату үшін сәйкестік деңгейін анықтау; 3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеумет­тік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады. 4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анық­тамалар қолданылады: 1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеумет­тік қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргі­зілетін рәсім; 2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күр­делілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойы­латын талаптардың деңгейі. 5. Міндетті аттестаттау бес жылда кемiнде бiр рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткiзiледi, бұл ретте бала күтiмi бойынша демалыста жүрген әлеуметтiк қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады. 6. Меншік нысанына және ведомстволық бағы­ныстылығына қарамастан, атқаратын лауазымы бойынша санатын белгілеу немесе жоғарылату мақ­сатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйым­дарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкердің өтініші негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар. Оның қоры­тындысы бойынша «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазым­дарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 137-ө бұйрығында көрсетілген бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі. 7. Қазақстан Республикасының шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымға жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде әлеуметтік қызметкердің аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады. 8. Аттестаттау: 1) тестiлеудi; 2) әңгiме жүргiзудi; 3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешi­мiн шығаруды қамтиды. 2. Аттестаттауды өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру 9. Міндетті аттестаттаудан өткізуге дайындықты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) басшысының тапсырмасы бойынша оның кадр қызметі ұйымдастырады және мынадай шараларды қамтиды: 1) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу; 2) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) басшысы кадр қызметінің ұсынуы бойынша аттестатталатын әлеуметтік қызметкерлердің тізімін, аттестаттаудан өткізу кестесін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітетін бұйрық шығара­ды. Аттестаттауға жататын әлеуметтік қызметкердің тікелей басшысы қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне жібереді. 10. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткiзу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағ­дарламалар басқармасы, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жұмыспен қамту және әлеу­меттiк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкі­летті органы) тұрақты жұмыс iстейтiн аттестаттау комиссиясын құрады. 11. Аттестаттау комиссиясы саны кемiнде бес адамнан тұратын комиссия мүшесінен және комиссия хатшысынан тұрады. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясын оның Төрағасы болып табы­латын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін меке­менің (ұйымның) басшысы немесе оның орынба­сары, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде аттестаттау комис­сиясын оның Төрағасы болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкілетті органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Аттестаттау комиссиясының Төрағасы оның қызметiн басқарады, оның отырыс­тарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспар­лайды, аттестаттау комиссиясының қызметi мен оның қабылдаған шешiмдерiне жалпы бақылауды жүзеге асырады. 12. Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясының құрамына арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк ететiн тиiстi уәкiлеттi органның қызметкерлерi және жо­ғары оқу орындары ұйымдарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келiсiм бойын­ша) енгiзiледi. 13. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комис­сиясының құрамына мекеменің (ұйымның) түрлі бөлімшелерінің, оның ішінде арнаулы әлеу­меттiк қызметтердi ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк ететiн бөлімшенің, кадр және заң қызметінің басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкілі енгізіледі. 14. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясы қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады және шешiм қабылдауға қатыспайды. 15. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екi бөлiгi оған қатысса заңды болып есептеледi. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауы­сы шешушi болып табылады. 16. Аттестаттау комиссиясы өз қызметiн Қазақ­стан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады. 17. Аттестаттау комиссиясы әлеуметтiк қызмет­кердi аттестаттауды оның қатысуымен жүргiзедi. Әлеуметтік қызметкер аттестаттау комиссия­сының отырысына келмеген жағдайда, дәлелдi себептер бойынша (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк кезе­ңiнде, демалыста болған кезеңiнде, кәмелетке толма­ған балалардың сырқаты кезiнде, жақын туыстары қайтыс болған кезде, іссапарда жүргенде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, ол аттестатталмаған болып есептеледi. Аттестатталушы дәлелдi себеп бойынша аттестаттау комиссиясының отырысына келе алмаған жағ­дайда, оны аттестаттау жөнiндегi мәселе ол жұмысқа шыққан күннен бастап бір айдан кем емес мерзiмге ауыстырылады. 18. Әлеуметтiк қызметкер мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшiн облыстың, республикалық маңы­зы бар қаланың уәкiлеттi органына мынадай құжаттарды тапсырады: еркiн нысанда жазылған жазбаша өтiнiш; кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ; ұйымның кадр қызметi растаған бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi; ұйымның кадр қызметi растаған еңбек кiтапша­сының көшiрмесi; белгіленген немесе жоғарылатылған біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда). 3. Тестiлеу 19. Тестiлеу әлеуметтік қызметкердің таңдауы бойын­ша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өткiзi­ледi. Тестiлер әлеуметтiк қызметкердiң негiзгi қызмет түрлерiн қамтуға және: міндетті аттестаттау кезінде 60 сұрақтан тұруға тиiс, оның ішінде: 1) 10 сұрақ – Қазақстан Республикасының заң­намасы бойынша; 2) 20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша; 3) 30 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша. мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 сұрақтан тұруға тиiс, оның ішінде: 1) 20 сұрақ – Қазақстан Республикасының заң­намасы бойынша; 2) 20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша; 3) 40 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша. Тест сұрақтарын облыстың, республикалық ма­ңызы бар қаланың уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қала­ның уәкілетті органы тест сұрақтарын жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей міндетті аттестаттаудан және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін жеке-жеке әзірлейді және бекітеді. Тестілер жауап­тарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) тиісті жылы алғаш рет аттестаттау жүргізген жағдайда тестілеу күніне дейін кемінде екі ай алдын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкілетті органын бұл туралы хабардар етеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкілетті органы тестілеу өткізу күніне дейін 15 күнтізбелік күн алдын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемеге (ұйымға) тестілік тапсырма­ларды жібереді. Тестiлердi орындауға берiлген уақыт міндетті аттестаттау кезінде 60 минутты, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде – 80 минутты құрайды. 20. Тестілеу өткізу күні рәсімді өткізуге дейін екі апта қалғанда әлеуметтік қызметкерге жазбаша түрде хабарланады. 21. Тестiлеу нәтижелерi балмен бағаланады және сол тапсырған күнi хабарланады. Әрбiр тест тапсыр­масының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. 22. Тестілеу нәтижелері Қазақстан Республи­касы­ның заңнамасы бойынша кемінде 70 %, әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша – 80 %, осы лауазым­ның функционалдық міндеттері бойынша 80 % дұрыс жауаптар жинаған кезде оң болып саналады. Жазбаша тестілеу бойынша шекті деңгейден кем балл жинаған әлеуметтік қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және алғаш тестіленгеннен кейін екі ай мерзімнен кешіктірмей қайта тестілеуге жатады. 23. Тестілеу сұрақтарының құпиялығы мен олар­ды тестілеу өткізу уақытына дейін жарияла­мауды аттестаттау комиссиясы мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеменің (ұйымның) бірінші басшылары қамтамасыз етеді. 4. Әңгiмелесудi өткiзу 24. Әлеуметтiк қызметкермен әңгiмелесу шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтеді. Әңгімелесу рәсімі аудио таратушыға жазып алынады. 25. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын сұрақтар кәсiби және бiлiктiлiк даярлық, iскерлiк қасиеттер мәселелерiндегi оның құзыреттiлiгi деңгейiн анықтауға бағытталған және оның лауазымына сәйкес болуға тиiс. 26. Әңгімелесу нәтижесi бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай хаттамалық шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: міндетті аттестаттау кезінде: 1) атқаратын қызметiне лайықты; 2) қайта аттестаттауға жатады; біліктілік санатын белгілеу немесе жоғарылату үшін мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде: 1) біліктілік санаты талаптарына лайықты; 2) біліктілік санаты талаптарына лайықты емес. Біліктілік санаты талаптарына сәйкессіздігі туралы шешім шығарылған жағдайда әлеуметтік қызметкердің хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар. 5. Қайтадан аттестаттау 27. Қайтадан міндетті аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейiн, осы Қағидада айқындалған тәртiппен өткiзiледi. 28. Аттестаттау комиссиясы қайтадан міндетті аттестаттаудың нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) атқаратын қызметiне лайықты; 2) атқаратын қызметiне лайықты емес. 29. Әлеуметтiк қызметкерлердiң аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту қорытындылары аттестаттау комиссиясының төрағасы мен оның басқа да мүшелерi қол қоятын хаттамалық шешiмде тiркеледi. 30. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда әлеуметтік қызметкердің сот тәртібімен оған шағымдануына болады. 4. Қорытынды рәсiмдер 31. Міндетті аттестаттау қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерден басқа әлеуметтік қызметкерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) хаттамалық шешімнің көшірмесін береді. 32. Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешiмiнiң негiзiнде арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi әлеу­меттiк қызметкерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) хаттамалық шешім шыға­рылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді. Сертификат беру сертификат беру журна­лында тiркеледi. 33. Кәсіби даярлық деңгейін растайтын серти­фикаттың болуы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қыз­меткерге арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажет­тiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi қызметке рұқсат беру болып табылады. 34. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан нәтижелі өткен әлеуметтік қызметкерге облыстың, республи­калық маңызы бар қаланың уәкілетті органы хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын белгілеу немесе жоғарылату туралы куәлік бередi. Біліктілік санатын белгілеу немесе жоғарылату туралы куәлік куәлік беру журналында тiркеледi. 35. Сертификат оны берген күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағында 5 жыл ішінде жарамды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді  аттестаттау қағидасына 1-қосымша Нысан __________________________________________ (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеменің (ұйымның) атауы) Сертификат № _________ 20__ жылғы «___» ____________аттестаттау комиссиясының шешімімен №________хаттама, Т.А.Ә. _____________________________________ Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды Аттестаттау комиссиясының төрағасы:____________________ (Т. А. Ә., қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (Т. А. Ә., қолы) М.О. Берілген жері___________Күні «___»____ 20__ ж. (қала, облысты көрсету керек) Тіркеу № __________ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасына 2-қосымша Нысан __________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың уәкілетті органының атауы) Біліктілік санатын белгілеу немесе жоғарылату туралы куәліктің № _________ 20__ жылғы «___» ____________ аттестаттау комиссиясының шешімімен №________хаттама, Т.А.Ә. _____________________________________ 20__ жылғы «___» _____________ аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес ____________________________________ (лауазым атауы) ___________________біліктілік санаты белгіленді немесе жоғарылатылды Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ____________________ (Т. А. Ә., қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (Т. А. Ә., қолы) М.О. Берілген жері _____ Күні «___»_________ 20__ ж. (қала, облысты көрсету керек) Тіркеу № ______ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7075 болып енгізілді.