Отан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шараларына ұйытқы болып отырған Мемлекеттік комиссияның шешімімен елімізде әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау, қаржы саласының өкілдерінің, мәдениет пен өнер жұлдыздарының қатысуымен таяуда «Менің Қазақстаным!» атты іс-шаралар өтетін болады. Соның аясында ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізіліп, жұртшылыққа дәрігерлік, әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сол секілді шалғай стансалар мен разъездерде тұратын тұрғындарға мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Мереке қарсаңында қазақ өнерінің айтулы өкілдері Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жеңіс Сейдоллаұлы, Айжан Нұрмағамбетова, Ерлан Көкеев, Евгений Шахрай, Әлішер Кәрімов, «МұзАРТ» тобы және басқалар өздерінің ән әуездерімен жұртты тәнті етеді. Бұл шараның басты мақсатына келер болсақ, еліміздің аймақтарында өмір сүріп жатқан азаматтарға Тәуелсіздік күнінің шарапатын ұғындырып, айтулы мерекеге атсалысуға, өз үлестерін қосуға жігерлендіру. Мұнымен қатар, көрсетіліп жатқан мемлекет тарапынан қолдауды ұғындыру. Тәуелсіздіктің негізгі идеясы: бостандықты, бірлікті, тұрақтылықты жан-жақты насихаттау.
Бұл айтулы бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру, мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатының мәнін түсіндіру, саламатты өмір салтын насихаттау, Отанымыздың барлық аймақтарында тұратын жұртшылықтың жаңа мемлекеттің іргетасын қалаудағы мақтаныш сезімі мен бірлігін паш етіп, келешекке деген сенімін нығайту.
Осы арада шараға қатысушылардың нақты атқаратын жұмыстарын саралайтын болсақ, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру, бос жұмыс орындары мен жалақы төлеу, медицина ұйымдары өз көмегін ұйымдастыру, жұртшылыққа құқықтық және заң бойынша кеңес беру, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, несиелендіру бойынша мағлұматтар береді, «Нұр Отан» ХДП партиясының өкілдерімен жүздесулер ұйымдастырылады.
Ал бұл салиқалы сапардың бірінші кезеңі – 10-20 тамыз аралығында Солтүстік-Шығыс бағыты, екінші кезеңі – 10-27 қыркүйек аралығында Оңтүстік-Батыс бағыт, үшінші кезеңі – 25-26 қараша аралығында Алматы-Астана бағыты бойынша өтеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл қадам, яғни «Менің Қазақстаным!» пойызы қазақстандықтарды ел тәуелсіздігін бірлесе атап өтуге ынталандырып қана қоймай, өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.
Сүлеймен МӘМЕТ,
• 09 Тамыз, 2011
«Менің Қазақстаным!» – елді сүюдің өнегесі болмақ

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23
Референдумға 24 күн қалды: Астанада кері санақ таблолары орнатылды
Референдум • Бүгін, 11:20
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?
Дін • Бүгін, 10:55
Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:50
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Қоғам • Бүгін, 10:42
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 10:23
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 10:10
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Қоғам • Бүгін, 10:03
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:51