09 Тамыз, 2011

Текеліде жаңа зауыт салынады

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жиырма бірінші ғасыр өндірістің да­муы­на тың серпін берді. Жаңа өндіріс орын­дарының көптеп ашылуы нәтиже­сін­де экономиканың өсіп-өркендеуіне негіз қа­ланумен бірге халық жұмыспен қамтылды. Жетісу жерінде мемлекеттік индус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­масы аясында тағы бір тың жоба жүзеге асатын болды. Ол электролиттік метал­ды марганец өндіруге бағыт­талған. Текелі тау-кен байыту комби­наты негізінде Германияның «Thyssen Krupp» ком­па­ниясы тиянағын келтіретін зауыт бо­ла­­шағынан зор үміт күтуге болатындай. Текелідегі марганец кенінің қоры дүние жүзі бойынша Оңтүстік Африка мен Украинадан кейінгі үшінші, ал ТМД елдері ішінде  екінші орында екен. Еліміздегі марганец сапасы мен бағасы жағынан айтарлықтай арзан. Қуаныш­ты­сы, кәсіпорын іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтылады деп күтілу­де. Кәсіпорын жобасымен танысқан об­лыс әкімі Аңсар Мұсаханов оның өңір үшін пайдалы жақтарын елеп, екшеді. Жаңа зауыт жылына 30 мың тонна электролиттік металды марганец өнді­ре­­ті­нін жеткізген «Горное бюро» серік­тес­­ті­гінің бас директоры А. Еділбаев жобаны жү­з­еге асыру кезеңдерін ор­таға салды. Өн­діріс орны бірінші ке­зең­де 35 МВт. көлеміндегі электр қуа­тын Текелідегі ЖЭО-2 мен су электр стансасынан ала­тын болады. Кейін зауыт өз ала­ңын­да 50 МВт-лық жылу электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа ғана 80 миллион АҚШ доллары жұмса­ла­тынын ескерсек, қала тұрғындарының әлеуметтік жағ­дайы­на оң әсер ететінін атап айтқан жөн. Жоба аясында жұмыс­шылар мен қала тұр­ғындарына қызмет көрсететін аурухана салу мәселесі де жоспарланған. Биылғы жылдың желтоқсан айында құрылысы басталып, 2015 жылы аяқта­ла­тын нысанға 170 миллион АҚШ дол­лары көлемінде инвестиция тарту көз­дел­ген. Жобамен танысқан облыс әкімі маман­дар­ды оқыту, қоршаған ор­та­ны қорғау мәсе­ле­лерін сөз етті. Жұ­мыс­қа 15-20 адам сырт­тан, қалғандары жер­гілікті тұрғындар есебінен жасақ­та­латын болады. Қазірден оларды оқыту қолға алынғаны да мәселе­нің маңыз­дылығын айқындай түседі. «Электролиттік металды марганец өндіру» жобасы аясында экологиялық қауіпсіздікке көлемді қаржы бө­лін­ген. Осылайша пайда болған газ кө­лемін азайту, зиянды өндіріс қал­дықтарын жою арқылы барлық сани­тарлық-техно­логиялық талапқа жауап беретін шаралар тиімділігі жоғары кәсіпорын салу мәселесі осылай жалғаспақшы. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.