01 Қаңтар, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН ЖАҢА 2010 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

6782 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2010 жылға қадам басамыз. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Аяқталып қалған 2009 жыл біз үшін берекелі, жемісті болды. Бірлігі жарасқан еліміз жаһандық сипаттағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп келеді. Біз дағдарыстан шығар жол тауып, жасампаз істеріміз арқылы даңғыл дамуға бет алдық. “Жол картасы” бағдарла­масы бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді. Көптеген нысандар бой көтеріп, әлеу­меттік мәні зор ірі жобалар іске асырылды. Республика­мыздың барлық өңірлерінде жаңа мектептер мен аурухана­лар салынды. Жолдар жаңар­тылып, Қазақстан Еуразия құрлығындағы ірі тасымал­даушы елдің біріне айналды. Энергетика саласында іргелі жетістіктерге қол жеткіздік. Егін бітік шығып, қамбамыз астыққа толды. Жүргізілген жалпы санақ қоры­тындысы бойынша халқымыздың саны өсіп, мемлекетқұраушы ұлттың мерейі арта түсті. Дүние жүзінің діндарлары асқақ Астанамызда үшінші рет бас қосып, бүкіл әлемнің тыныштығы үшін пәтуалы пікірлер айтты. Мен берекелі бірлігі өнегелі үлгіге айналған еліміздің барша азаматтарына алғысымды айтып, ризашылық біл­діремін. Келе жатқан 2010 жыл біз үшін айрықша маңызды болмақ. Біз осы жылы Азия және ТМД мемлекеттері арасынан тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына төрағалық етеміз. Кеден одағына ену арқылы Жаңа жылдан бастап біздің кеңістігіміз кеңейеді. Мен келе жатқан 2010 жыл еліміз жылнамасының жарқын беттеріне жазылатын жаңа кезеңнің бастауы болады деп сенемін. Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар! Уважаемые казахстанцы! Дорогие друзья! В оставшиеся мгновения перед нас­туплением Нового года всех нас перепо­л­няют волнующие чувства. Мы оцени­ваем итоги прошедшего года, размыш­ляем о том, что ждет нас в будущем. 2009-й год стал для Казахстана важным и во многом успешным этапом истории. В условиях глобального кризиса мы укрепили основы нашей экономики. Реализована “Дорожная карта”. По всему Казахстану созданы сотни тысяч новых рабочих мест. Обновились наши города и аулы, построены новые школы и больницы, дороги, объекты социаль­ной и коммунальной сферы. Мы открыли новые предприятия, приступили к реализации инновацион­ных проектов, заложили основу для техноло­гического прорыва Казахстана в будущее. Рекордный урожай собрали наши хлеборобы. Мы увеличили благосостояние наших граждан. Наш многонациональный народ стал еще дружнее и сплоченнее. Это самый главный итог уходящего года. Я благодарен всем вам, мои сооте­чественники за то, что в труд­ное время вы проявили свои лучшие качества – терпение, трудолюбие, ответ­ственность. Новый 2010-й год будет особенным для Казахстана. Перед нами стоят новые задачи. Мы приняли эстафету председательства в Органи­зации по безопасности и сотрудничеству в Европе. Это важный показатель широкого международного авторитета нашего государства. И нам нужно достойно выполнить эту историческую миссию. С 1 января мы будем жить в Таможенном союзе вместе с Беларусью и Россией, прис­тупим к созданию Единого экономического пространства. Это усилит нашу экономику, откроет для нее новые перс­пективы, повысит качество жизни казахстанцев. В следующем году мы начнем реализацию Первого пятилетнего плана. Будет дан старт индустриальному рывку Казахстана в ХХІ веке. В будущем году мы тор­жественно отметим пятнадца­ти­летие нашей Конституции и шес­тидесяти­пятилетний юбилей Великой Победы. Это памятные для всех казахстанцев даты. Для Казахстана наступает время новых ответственных дел. Сегодня всех нас объединяет общая меч­та о том, чтобы Казахстан стал еще более сильной, благополучной и уважаемой в мире страной. И мы обязательно этого добьемся. Мои дорогие соотечественники! Обращаюсь ко всем казахстанским семьям, собравшимся за праздничными дастарханами. Я желаю, чтобы Новый год принес в каждый дом счастье и достаток, мир и благополучие! Пусть исполнятся ваши надежды и самые сокровенные желания! До наступления Нового года остаются мгновения. Пора распахнуть наши сердца навстречу радости, добру и успеху, которые обязательно принесет нам Новый 2010-й год. С Новым годом, уважаемые казах­станцы! С новым счастьем! Жаңа жыл жақсылығымен келсін, қымбатты қазақстандықтар! Жаңа жыл әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын, ардақты ағайын!