10 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №554

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011 жылғы 21 мамыр ,  Астана, Үкімет үйі Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 554 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқ­сандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібін белгілейді. 2. Темір жол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушы­ларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі. Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағы­наларда қолданылады. 2. Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібі 3. Темір жол қатынасын тоқтатуды темір жол­дарды магистральдық темір жол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орын­сыз (рентабельді емес) екендігіне байланысты темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысы негізінде уәкі­летті орган жүзеге асырады. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Ұлттық темір жол компаниясы уәкілетті органға жібереді. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, Ұлттық темір жол компания­сының мөрімен бекітіледі және тиісті темір жолдар­ды пайдалана отырып жүзеге асырылатын және тиісті бағыттағы көліктің балама түрлерінің болуымен жолаушыларды, багаждарды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемі туралы деректерді, магистральдық темір жол желісі операторы қызметі­нің пайдалану көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тиісті темір жол учаскесінде қыз­мет­ті жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесін қамтуы тиіс. Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысына: 1) темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме; 2) темір жол учаскесін күтіп ұстаудың және пайда­ланудың шығындылығын растайтын экономи­калық есеп, сондай-ақ қаржыландыру көлемін одан әрі пайдалану үшін қажетті ақпарат қоса беріледі. 4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқта­ту туралы Ұлттық темір жол компаниясы берген ма­териал­дарды қарайды және Қазақстан Республика­сы Қорғаныс министрлігіне, аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді. 5. Темір жол қатынасын тоқтату туралы материалдар қарауға жіберілген мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орган оларды алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және келіседі немесе дәлелді себептермен қабылдамайды. 6. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс­ты мүдделі мемлекеттік органдармен және аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы бұйрық шығарады.