10 Тамыз, 2011

Елбасы қабылдады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кө­мек­­шісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжинді қабылдады. М.Тәжин Президентті Астанада өтетін Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне даярлық барысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында сондай-ақ ұлттық қауіп­сіз­дік саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.