12 Тамыз, 2011

Бойко бүлдірді

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шенеуніктердің парамен ұс­талуына қостанайлықтар аса таң­қалмайтын болды. Бұл көрі­ніс­ке жұрттың еті өліп бара жатқандай ма қалай. Осыдан аз ғана уақыт бұрын облыс әкімі аппаратының жетекшісі А.Твердохлебовтың аса ірі көлемдегі парамен ұсталған­ды­ғы республикаға белгілі болып еді. Бірақ қостанайлық шенеу­нік­тердің парадан аяғын тартар түрі көрінбейді. Олай дейтініміз, Қостанай қалалық мәслихатының депута­ты, қалалық мүгедектер қоға­мы­­ның төрағасы Сергей Бойко өзінің үстінен қылмыстық іс қоз­ғат­пау­ға заңсыз шешім шыға­рып беру үшін облыстың қаржы поли­циясы қызметкеріне бір миллион теңге пара ұсынып, соның жар­тысын беріп жатқан үстінде ұс­талды. Сот­тың санкциясымен ол тұтқын­далды. Қостанай қалалық №2 сотын­да журналистерге түсіндіргенін­дей, Сер­гей Бойко лауазым иесіне ірі көлемде пара бергені үшін айып­тал­ған. Енді Қылмыстық кодекстің 312-бабы 4-бөлімінің «Б» тармағы оны 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді көздейді. Сергей Бойко қалалық мүге­дектер қоғамын он бір жыл бойы басқарды. Осы жылдарда мемлекет қазынасынан бөлінген миллиондар тағдырдың жазуымен мүм­­кін­шілігі шектеулі жандарға жетті ме, әлде төрағаның қалта­сы­на бұрылып кетті ме, оны қар­жы полициясы мен тиісті орын­дар­дың тексеруі қосымша анық­тай жа­тады. Жергілікті ақпарат көз­дерінен белгілі болғанындай, мү­ге­дектерге арналған такси жө­нін­дегі мәселенің басы ашылуға жа­қын. Ғаріп жандарға арнап қыз­меттің бұл түріне уақыты­сында мемлекеттен қаржы бө­лін­ген, бірақ оның рахатын мү­ге­дек жандар көрмегенге ұқсай­ды. Бұл бір ғана мысал. Ал ерікті қоғам­ның 1800-ден аса мүшесі бар. Әдетте, мемлекет бөлген аз ғана жәрдем ақшаның бетіне қара­ған ғаріп жандардың несібесін екі аяқ, екі қолы сау әрі мемлекет сенім артқан Бойколар қағып кете берсе, қайырымдылық деген сөз­ден де қадір қаша ма, қайтеді... Дегенмен, «көп асқанға бір тос­қан». Көптің наласы жібермеді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.