12 Тамыз, 2011

Сәт сапар!

636 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
10 тамыз күні Астана темір жол вокзалынан «Менің Қазақ­станым» ақпараттық-насихат по­йы­зы салтанатты жағдайда жолға шықты. Пойыз 10-20 тамызда елі­міз­дің солтүстік-шығыс өң­ірлерін ара­лап, одан кейін 10-27 қыр­күй­ек ара­лығында, оңтүстік-батыс бағы­тымен жүріп өтетін болады. Ал үшінші кезеңде, яғни 15-26 қа­ра­ша күндері Алматы – Астана ба­ғыты бойынша өтеді. Осы уақыт ішінде шараға қаты­су­шылардың елді мекендерде кон­церттер қой­ып, жергілікті жұрт­шылықпен кез­десулері жос­пар­ланып отыр. Бұл іс-шара Мәдениет министрлігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның ұйым­­дастыруымен өткізіл­мекші. Оның мақсаты – барлық өңір тұрғын­дарын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне атсалы­су­ға тарту, Тәуелсіздіктің әкелген жетістіктерін әрбір азаматқа жеткізу, халықтар ара­сындағы бірлік пен ынтымақ­тас­тықты, саламат­ты өмір салты мен Елбасының Қа­зақстан хал­қы­на Жолдауын насихаттау, шал­ғай елді мекендерде тұратын аза­маттарға аса маңызды мәселе­лер­ге қатысты көмек көр­сету және мемлекеттің жаңа әлеу­мет­тік саясатының мәнін түсіндіру. Биылғы акция ел Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдық мерекелік ша­ра­ларын ұйымдастырып жатқан Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша еліміздің әлеу­мет­т­ік қызметінің, денсаулық сақ­тау, қар­жы саласы, мәдениет пен өнер өк­ілдерінің қатысуы­мен өткізілуде. Сәрсенбі күні Астанадан ат­тан­ған «Менің Қазақстаным» ақ­параттық-насихат пойызын шы­ға­рып салу рәсіміне Мәдениет министрлігінің жауапты хатшы­сы Жанна Құрманғалиева, «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ер­лан Қа­рин, қала әкімінің ор­ын­басары Аида Балаева мен са­лалық ми­нистрліктердің жауап­ты қызмет­керлері қатысып, жол­ға шыққан азаматтарға сәт сапар тіледі. Салтанатты рәсімде «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қа­рин біздің кең-байтақ Отаны­мыз­дың әр қиырына, әрбір ша­ңы­раққа жы­лылық пен қуаныш, қам­қор­лық сыйлау үшін үлкен жолға бір топ азаматтардың ат­та­нып ба­ра жатқанын, осы пой­ыз ая­сында «Нұр Отан» партия­сының қоғамдық қабылдаулары өз есігін келемін деушілерге ай­қара ашатынын айтып, аталған ша­ра­ның маңызына тоқта­лып өтті. «Бұл пойызды халық асыға кү­туде, – деді ол. – Өйт­кені, ол Тәу­елсіздіктің мән-маңызын тү­сін­діріп, жергілікті халықты Ел­басының Қазақстан халқына жол­­дауында берген тапсыр­ма­ла­ры­ның орындалу ба­ры­сы­мен та­ныс­тырады. Қазір үлкен жолға аттанғалы тұрған пойыз деле­гат­тары жолдың ал­ыс­ты­ғы­на қара­май барлық сы­нақ­қа да, тоқтай­тын жерлердегі жұмысқа да әзір». Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламамен жалғас­ты. «Гүлдер» мемлекеттік ансам­б­лі «Сылқылдақ» биін орындаса, атақты әнші, мә­дениет қайрат­кері Ал­тын­бек Қо­раз­баев пен халықаралық кон­курс­­тардың лау­реаты Евгений Шахрай өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы, «Менің Қазақ­ста­ным» ақпараттық-насихат пойы­зын ұй­ымдастыруда «Нұр Отан» пар­тия­сының көп жұмыс істегенін ай­туға болады. Мұндай пой­ыз­ды ұй­ымдастыру мәселесі партия Төр­ағасының бірінші орын­ба­сары Нұр­лан Нығматулиннің партия­ның облыстық және қа­ла­лық фи­лиалдарының жетекшілерімен өт­­кен кездесулерде көте­рілген еді. Дастан КЕНЖАЛИН.