12 Тамыз, 2011

Ынтымақтастық жайы сөз болды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысының Резиденциясы – Ақордада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шармамен кездесті. Кездесу барысында әртүрлі салалардағы екіжақ­ты ынтымақ­тас­тық­ты нығайту және дамыту мә­се­лелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар өңірлік қау­іп­сіз­дік­тің маңызды мәселелерін қарастырды. «Егемен-ақпарат».