13 Тамыз, 2011

«Астана – әсем қала» суретшілер көрмесі

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Талдықорған қаласындағы көр­кемөнер галереясында тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылды­ғы мен Астана қаласына арнал­ған кәсіби суретшілер­дің көр­месі ашылды. Шығарма жанр­лары да сан сала­лы. Дегенмен, әр туындыдан ту­ған жер, өскен ортаға деген пәк се­зім, тамыл­жыған Жетісу таби­ғаты, өткен мен бүгінгіні жал­ға­ған алтын көпір тарих пен адам тағдыры да шынайы бейнеленген. Мұндағы Қ.Шалабаева, Б.Ах­метов, М.Әбділдаев, Е.Ах­метов, А.Асқаров, Т.Бексұл­танов тәрізді суретшілердің ал­пыстан астам үздік туын­дысы көрерменнен өз бағасын алуда.  Жалпы көрмені тама­шалағандар қылқалам ше­бер­лерінің ауыл көрінісі, жыл мезгілдері, жеке адам өмірі мен тағдырына байланысты суреттеріне жақсы баға беріп, еңбек­теріне сәттілік тіледі. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.