Көкшетау жұртшылығы шаҺардың кіреберіс қақпасында кермаралдай керілген атақты Құлагер ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, жүрекжарды мүбәрәк тілектерімен бөлісті.
– Халқымыздың тарихы мен дала мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын Құлагер бейнесі біз үшін аса қымбат, – деді облыс әкімі Сергей Дьяченко құттықтау сөзінде. – Қасиетті Көкше жерінде Ақан серінің әні, Құлагердің ізі қалған. Ол – қалың қазақтың арғымағы, баршамыздың рух қанатымыз. Әсем безендірілген ескерткіш халықтың, жастардың сүйікті орнына айналып, ел салтанатының, қызық-қуанышымыздың байрағындай желбірейді. Ұшқырлықтың, сұлулық пен тектіліктің символы саналатын қымбат жәдігер ел рухының беріктігін де айғақтайды.
Міне, ақжайма да ағытылып түсті. Биіктегі 8,5 метрлік құсқанатты Құлагер Сарыарқаның керімсал самалымен екпіндеп, ұшып кеткелі тұр. Жүрек желпінісіндегі тұлпарымыздың жер жарған даңқы мен қиын тағдырының тәлімдерін түйіп өскен жасампаз халқымыз да жарқын болашағына самғай түскендей тәтті күй кешті. Осындай толғанысты сәтте Қазақ елі ұлттық ат спорты түрлері ассоциациясының вице-президенті, былтыр Көкшетау-Астана автобанының бойында Құлагерге орнатылған ескерткіш идеясының авторы әрі ұйымдастырушысы Сәдібек Түгел облыс әкімінің иығына шапан жапты. Көкшенің қадірлі ақсақалдары Бүркітбай Батырханов, Қасқырбай Әбуов, Моисей Чжен ел қуанышына ортақтасып, баталарын берді. Бүгінгінің серісі атанған Иран Тасқара ағамыз Ақанның «Құлагерін» тербетіп, жұртшылықты теңселтіп тастады. Алақай шашу шашылып, телегей ән-күй төгілді.
Дәл осы күні дес бергендей қала іргесіндегі ипподромда ұлттық спорт түрлері – көкпардан, қыз қуу мен теңге алудан, аударыспақтан Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 7-ші республикалық чемпионаттың жалауы көтерілді. Додалы жарысқа барлық облыстардан, Астана мен Алматы қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысуда. Көкше жерін бес күн бойы думанға бөлейтін жарыстың алғашқы күнінде көкпаршылар бақ сынасты.
Бақберген АМАЛБЕК,
Ақмола облысы.
Суретті түсірген Төлеген Қосшығұлов.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше