13 Тамыз, 2011

Салалық министрліктердің басқаруына берілді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлт­тық әл-ауқат қорының бірқатар еншілес құры­лым­дарының акциялар пакетін салалық министрліктерге сенімді басқаруға берілуін қамта­ма­сыз ету туралы Үкіметке тапсырма берді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас­қару жүйесін әрі қарай жетілдіру жөніндегі шаралар тура­лы» Жарлыққа Мемлекет басшысы 10 тамызда қол қойды. Атап айтқанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті Экономи­ка­лық даму және сауда министрлігіне; «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрлігіне; «Қа­зақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне; «Kazyna Capital Management» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне; «ҚазЭкспортГрант» экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқа­ру­ға берілді. Осы Жарлықпен Үкіметке сондай-ақ, «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Эконо­ми­калық даму және сауда министрлігіне; «Қазақ­стан­ның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипо­текалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қа­зақстандық Ипотекалық Компания» ипо­текалық ұйымы» акционерлік қоғамдары акция­ла­рының пакеттерін иелену және пайдалану құ­қық­тарын Құры­лыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берілуін қамтамасыз ету міндеттелді. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.