17 Тамыз, 2011

Кәсіп ашуға өріс кең

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елімізде қолға алынып отырған «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2011 жылдың 1 шілдесінен 2012 жылға дейінгі қанатқақты жобасының басты ба­ғы­ты  өз бетінше жұмыспен айналы­су­шы­лар­ды, жұмыссыздарды оқыту және олар­ға әрі қарай өз бетінше еңбекпен айна­лысуға жәрдемдесу. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын  жүзеге асыру жолында Ақсу қаласы әкімінің қаулысымен қалалық жұмыспен қамту бөлімі ашылған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бөлімнің қызметкерлері халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша біршама істерді қолға алуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясындағы екінші бағыт кәсіпкер­лік­ті ынталандыруға, әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу көзделіп отыр. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Осы аптада өз кәсібін ашуға ниет танытқан 30 шақты адамнан құрылған екі топ үшін арнайы семинар ұйымдас­ты­рылды. Семинар барысында олар бизнес-жоспар қалай жасалатыны жөнінде мағлұмат алып, со­ңын­да оны өзінің таңдап алған кәсібі бойынша қор­ғай­тын болады. Сонымен қатар, семинарға қатысу­шы­лар жеке кәсіпкерліктің негізгі бағыт­та­ры бойынша дәріс алатын болады. Қорғап қалған жағдайда өз кәсібін ашуға ниет білдірген адамдар несие алуға құқылы болады. Бұл бағыттың бір ерекшелігі, өз кәсібімді ашып, дамытамын деушілерге ең төменгі үстеме мөлшерінде несие берілетігінде болып тұр. Несие 5 жылға 3 миллион теңге көлемінде беріледі. Сәбира САҒЫНАЙ. Ақсу қаласы, Павлодар облысы.