20 Тамыз, 2011

Мәслихаттар депутаттарының таңдауы құрметке лайықты

288 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
ТМД елдері атынан келген халықаралық байқаушы Акбарали Сатторов Алматыдағы Сенат депутаттарының сайлауын осылай бағалады – Құрметті Акбарали Кур­бона­ли­ұлы, сіз Тәжікстаннан келген бірден-бір халықаралық байқаушы екенсіз. Әуелі жал­пы сайлау туралы ой-пайым­да­рыңызды айтыңызшы. – Бір қарағанда, әр жерде өте­тін сайлаулардың бір-бірінен айыр­машылығы жоқ. Ең бас­ты­сы, осы сайлауды құр­мет­теуіміз керек. Халықтың қалауы. Сенат сайлауы. Соларды сайлайтын адам­дардың таңдауы қашанда құр­метке лай­ықты. Әр­бір сайлаудың жеңім­паз­дары мен же­ңілуші жағы бо­лады. Осыған қарамас­тан, мен халықаралық байқаушы ретінде Қазақстан Республикасының Сенат мүше­сін, Парламент депу­та­тын сайлай­тын Алматыдағы жи­ын­да кімді сайлай­тынын білмесем де, қалай болғанда да, депу­таттардың таңдауын құрмет­тей­ті­німді мәлімдедім. Мен өзім мамандығым бой­ынша журналиспін. Қазірде Тә­жік­стан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, елдегі Журналистер одағының төр­ағасы болып табыламын. Жур­налист дегеніңіздің өзі өмір­дегі ең аңғарымпаз байқаушы ғой. – Әріптес болып шықты­ңыз. Келген күні сайлау ал­дын­дағы ахуалмен танысқан бо­лар­сыз? – Иә, мен Алматы қаласы сайлау ко­миссиясының өкілімен кездестім. Одан соң Ресей Федера­циясының байқаушы өкілімен пікір алыстым. Алматы қала­сы­ның әкімімен болған кездесуімізден мән-жайға қанығып, үлкен әсер алдық. Сай­лауға жан-жақты са­қа­дай-сай әзірлік жа­сал­ғанын бай­қа­дық. Біз өз тарапы­мыздан қан­дай кандидат жеңсе де, ашық, адал сайлауды жақтай­тыны­мыз­ды білдірдік. Үлкен ауқымда алар болсақ, менің ұғымымша, Алма­ты­дағы жалпы қоғамдық-саяси жағдай бақылаудан шықпаған сияқты. Әлбетте, Астанамен са­лыс­тырғанда Алматыда оппо­зи­ция­лық газеттер де, оппози­ция­лық ыңғайдағы партиялар мен қозғалыстар да көбірек. Соған қа­рамастан, сондайлық бұра тарт­қан, қияс басқан әрекеттер байқалмады. Сон­дық­тан, сайлаудың сәтті өтіп, шын мәнінде лайықтылардың жеңетініне сенімді болдық. – Ал енді нақты бүгінгі өт­кен сайлау туралы ойыңызды ортаға салы­ңыз­шы. Оған берер бағаңыз қандай? – Бүгінгі сайлау алматылық таңдау­шы­лар тарапынан өте тамаша ұйым­дастырылды дей ала­мын. Біз, ТМД елдерінен келген халықаралық байқаушылар, сайлау барысын мұқият байқастап, ба­қылап, баламалы түрде өз санағымызды қатар жүргіздік. Біз­­дің есептеулеріміз сайлау ко­миссиясы жүргізген есеп-қи­сап­пен толықтай дерлік сәйкес шық­ты. Сондықтан, бүгінгі сайлау бар­лығы да әділ, ашық болған­ды­ғын, барлығы да Қазақстан Рес­публикасының заңна­ма­сына, де­мократиялық қағидаттарға сай болғандығын айғақтап берді. Біз қандай да бір бұра тарту­шы­лық­ты, заң немесе құқық бұзушы­лықты байқаған жоқпыз. Бүгін үміткерлер ішінен ең лайықтысы, ең күштісі жеңіп шығып, Қазақ­стан Республикасы Парламенті­нің Сенатына жолдама алды. – Осы сайлауға қарап Қа­зақ­стан­ның болашағы туралы қандай ой-толғамдар айтар едіңіз? – 1993 жылы Қазақстанда ал­ғаш болған кезімнен бастап елдің өркендеп дамуы туралы нақты білемін. Қазақстан Орталық Азия өңірінде барлық параметр­лер бойынша көшбасшылардың бірі деп есептеймін. Осы тұрғыдан айтсам, Қазақ елінің болашағы жарқын. Сай­лауға келер болсақ, барлығы да тамаша ұйымдас­ты­рылды. Әсіресе, ашықты­ғы­­на тәнті болдым. Барлық таңдау­шыларға өте сабырлы түрде, ешқандай қысым­сыз, жымысқы әрекетсіз өзі таңдаған үміткер үшін дауыс берулеріне мүм­кіндік тудырылды. Сондықтан, мен осы мерейлі оқиғамен бүкіл қа­зақ­стан­дықтарды құттықтаймын. – Біздің Алматыдан қандай әсер алдыңыз? – Алматыны, жаңа айтқа­ным­дай, 1993 жылдан бері жақсы кө­ре­мін. Ол кезде Тәжікстанда азамат соғысы жүріп жатқан бола­тын. Мен сонда Алматыға келіп, өзімнің бизнестегі алғашқы қа­дамымды, алғашқы тәжірибемді осында бастап едім. Содан да болар, осы сұлу қаланы, мұндағы қо­нақжай халықты өте-мөте құр­меттеймін. Құдайдан Ал­маты қаласының Қазақстан халқының игілігіне орай гүлдене беруін әрқашан тілеймін. Қазақстанның алдағы сәтті өтер сайлауларына келе беруге, мұндағы достармен жүздесе беруге әзірмін. Әңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ.