Әлем • 10 Мамыр, 2017

Халықаралық конференцияға қатысты

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Италияның Рим қаласында парламентшілердің «G7/20-Рим 2017» халықаралық конференциясына және Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты.

Халықаралық конференцияға қатысты

Парламентшілердің G7/20 конференциясына 40-тан астам елдің депутаттары мен халық­а­ралық ұйымдардың өкіл­дері және сарапшылары қатыс­ты. Форум Көші-қон мен ген­д­ер­лік теңдік мәселесіне арналды.
Конференция барысында Г.Исимбаева «Көші-қон, қауіпсіздік» атты тақырыпта сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әлем­­дегі көші-қон сая­са­тын жетілдіру, босқын әйел­­дер мен балалардың құқ­ы­­ғын заң­намамен қамтамасыз ету мәсе­лелерін көтерді. Пар­ла­ментші шараға қаты­сушыларды Қазақстан­дағы конститу­циялық реформалар мен олардың елдегі демократияны нығайту бағы­тында жүргізіліп жатқан жұмыстарынан хабардар етті. 
Сонымен қатар, Г.Исим­баева Италия Парла­менті Депутаттар палатасының Вице-спикері Р.Джакеттимен және «Италия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен жүздесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы өзара қарым-қатынастың өзекті мә­се­лелері бойынша пікір ал­мас­ты. Мәжіліс Төрағасының орын­басары парламентаралық байланыстарды дамытудың маңызына, заң шығару ісін­де тәжірибе алмасу мәселесі­не және өзара ынтымақтас­тық топ­тары­ның қызметін белсен­ді ете түсу жолдарына тоқталды.
Р.Джакетти өз кезегінде Қазақ­­стан мен Италия арасын­дағы екіжақты қатынастардың стра­­тегиялық серіктестік пен конс­­труктивті үндесу жолымен өр­­кендей беретініне сенім білдірді. 
Италиялық парламент­шілер Қазақстандағы конс­титуциялық реформалар жайында біле түсуге мүдделілік танытты. Мәжіліс Төрағасының орынбасары пре­зиденттік басқару формасын сақтай отырып, билік тармақ­тары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі мәселелері жайынд­а толық мағлұмат берді. 
Жүздесу соңында Г.Исим­баева италиялық әріптестерін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне шақырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөнін­дегі форумы (ХҚДАПФ) Ат­қа­рушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.