Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Жұмысымыздың басталу уақыты өзгере ме?

201 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өткен аптада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасына қатысты.

Жұмысымыздың басталу уақыты өзгере ме?

Астана әкімдігінде қала тұр­ғындары үшін жұмыс басталар уақыттың жаңа кестесі жария етілді. «Жұмыс уақытының жыл­­­­жы­малы кестесі – кепте­лек­­­­тер­ді болдырмаудың ұтым­ды тәсіл­дерінің бірі. Егер Ас­тана қаласының әкімді­гі кей­бір мекемелердің жұ­мыс уақы­тын 10-15 минут ара­лы­­ғын­да өзгертсе, бұл біз­дің кеп­те­лектерде тұру уақы­ты­мыз­ды айтарлықтай азайтуға мүм­кіндік береді. Яғни, бұ­дан тиім­ділік айтарлықтай арта­ды», – деді министр теле­бағдар­ламада. 

Сондай-ақ, Д.Абаев қала­лық­тарды Астана әкімдігінің бастамасын қолдауға шақырды. «Мен Президенттің баспасөз хатшысы болған тұста біз әлемнің көптеген елінде бол­дық. Барлық жерде бұл тәжірибе бар: Токиода да, Берлинде де. Мен Голландия жұмысшылары таңғы 6-дан күндізгі 3-ке де­йін жұмыс істейтінін нақты біле­мін. Сөйтіп, олар сағат 3-те жұ­мыс­тарынан босап, күні бой­ғы еркіндікке шығады», – деп қо­рытты сөзін ведомство басшысы. 

Алдағы 1 маусымнан бас­тап елорданың көптеген тұр­ғын­дары үшін жұмыс кесте­сі өз­геруі мүмкін екенін атап өт­кен жөн. Бұл жаңалық ЭКСПО-2017 қарсаңында елор­да жолдарындағы жүктемені азайту үшін де енгізілгелі отыр. 

Мәселен, құрылыс ұйым­дары жұмысының бас­талуын қазіргі 09.00-ден 07.00-ге, қала коммуналдық қызметін өнер­кәсіп және кәсіпорын сек­тор­лары ұйымдарымен бірге 09.00-ден 07.30-ға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын Қаржы институттарымен бірге 09.00-ден 10.00-ге, сауда, ойын-сауық ұйымдарын 10.00-ден 10.30-ға, сондай-ақ, ұлттық компанияларды 09.00-ден 09.30-ға ауыстыру ұсынылып отыр. 
Сонымен қатар, жұмыс кесте­сін міндетті түрде өзгер­туге республикалық басқару органдары, жергілікті басқару органдары, білім беру меке­ме­лері (колледждер мен ЖОО-лар) жатады. Мәселен, алдың­ғылары жұмыстарының басталу уақытын 09.00-ден 09.30-ға ауыстырса, кейінгілері 09.00-ден 08.30-ға ілгері жылжытады. 

Келіссөздер қорытындысына түсінік берді

Д.Абаев Сириядағы ахуал­ды реттеу бойынша жүзеге асы­рылып келе жатқан Астана процесі жанжалдасушы тарап­­тарды бір-бірін естуге итер­мелейді деген үміт білдірді. «Біз Сирияда толық ауқымды соғыс жүріп жатқанын көз алдымызға елестетіп көруге тиіспіз. Ал Астана процесінің жүзеге асырылуы, оған дала командирлерінің қатысуы алға қарай ілгерілеушіліктің бар екенін білдіреді. Басты­сы, олар­дың (процеске қатысу­шы­лар – ред.) бір-бірін көріп, бір-бірімен үнқатыса бастауы маңызды. Екі жанжалдасушы тарап қана бар басқа көптеген елдерге қарағанда, Сирияда бір-біріне қарсы тұрушы жақтар көп, сондықтан бұл процесс те оңай шешілмейді. Химиялық шабуыл делінгеннен кейін Астана процесі жалғасады дегенге еш­кім де сенген жоқ. Бұл жер­де Ме­млекет басшысының беде­лі­нің арқасында да бұл процесс жалғасып жатыр», – деді «Открытый диалог» жобасы шеңберінде сөйлеген сөзінде Д.Абаев. 

Ведомство басшысы процес­ке АҚШ мемлекеттік хатшының көмекшісі деңгейінде өз өкілін жіберіп, өкілінің мәртебесін жоғарылатып отырғанын атап өтті. «Мен Астана процесінің Иран жөніндегі Алматы келіс­сөздері секілді және де Мем­лекет басшысының барлық бітім­гершілік идеялары тарихта қа­латынына толықтай сенім­дімін», – деді өзінің сөзінде министр. 

«Үркер» сыйлығына қатысуға шақырды

Д.Абаев журналистерді баспа, радио және интернет-журналистерінің алғаш жа­рия­ланған «Үркер» ұлт­тық сыйлығына қатысуға шақыр­ды. «Мен журналистерге осы сыйлық аса қажет қой деп ойлаймын. Өйткені, қалам ұстаған қауымның еңбегін лайықты бағалау аса маңыз­ды. Осы сыйлықтың арқасын­да журналистиканың сапасы артатын болады. Жюри шешім­деріне ешқандай қатысымыз болмайды. Кім лайықты сол жеңеді», – деді «Хабар» арна­сын­дағы жоба шеңберінде ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, ол алғашқы ұлттық телевизиялық «Тұмар» сыйлығы журналистер арасында лайықты бағаланғанын атап өтті. «Онда лайықтылар жеңген болатын, «Тұмар» сыйлығын беру қалай өткенін көрген соң одан қандай да бір сабақ алдық. Енді ол «Үркер» сыйлығында міндетті түрде ескерілетін болады», деді министр. 

Сөзінің соңында Д.Абаев жур­на­листерді конкурсқа қа­ты­су­да бел­сенділік танытуға шақыр­ды. 

Сенат консервативті күш болып табылады

Өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сенат депутаттарының сайлауын 2017 жылдың 28 маусымына бел­гі­леген Жарлыққа қол қой­ды. Ақпарат және комму­ни­­ка­ция­лар министрі Д.Абаев­тың пікірінше, еліміз үшін Парла­менттің жоғарғы палатасы аса маңызды рөл атқарады. «Сенат мемлекеттік басқару жүйесінде аса зор тұрақтандырушы рөлге ие. Сенат – бір сәттік тренд­терге оңайлықпен беріле қой­май­тын консервативті күш. Өйт­кені, Сенат депутаттарын жана­ма дауыс беру әдісімен мәсли­хат­тар депутаттары сайлайды. Осының нәтижесінде жоғарғы палатаға күшті саяси ерік-жігері бар, айтарлықтай басқару тәжі­рибесіне ие адамдар сайла­нады. Сон­дықтан, Сен­ат еліміздің қазіргі даму үдерістерінде үлкен рөл атқарып отыр», – деді министр.